- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән—2015: Мамықтан...
Қысқы сән—2015: Мамықтан жасалған сырт киім
Егер мамықтан жасалған сырт киімді ұсқынсыз деп ойласаңыз, отандық әрі шетелдік эстрада жұлдыздарына назар аударыңыз. Олар оның түр-түрін киіп қана қоймай, әртүрлі киімдермен үйлестіруді біледі.
Қыста мамықтан жасалған сырт киімнен өзге пальто, күрте, парка сындыларды киюге болады. Бірақ мамықтан жасалған сырт киімнің орны ерекше.
Жамылғыға ұқсайтын сырт киім – сәнқой жандар үшін таптырмас киім. Ол еске жылы көрпені түсіреді. Құдды жылы көрпеден шығуға ерініп, сол күйінде жұмысқа келе салғандай. Оны джинс шалбармен, крассовкамен, тіпті, қалағаныңызбен киюге болады. Қандай киім кисеңіз де, тоңбайсыз.
Мамықтан жасалған сырт киімнің ұзын түрін майда моншақпен кестеленген көйлектей кию қажет. Басыңызға берет киіп, мойынорағыш тағып, аяққа ботфорт киюді ұмытпаңыз. Мүмкіндік болып жатса, тобығыңызға дейін түсіп тұратын түрін таңдаңыз. Оның белін буудың да қажеті жоқ, әйтпесе сегіз санына ұқсап қаласыз.
Оversize мамықтан жасалған сырт киімін кисеңіз, әкесінің ерке қызынан аумай қаласыз. Әйгілі шетелдік әнші Рианна дәл осындай сырт киім кигенді ұнатады.
Қ. Бүйенбай