- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән: сырылған...
Қысқы сән: сырылған пальто
Сырылған пальтолар ешқашан сәннен қалмайды. Мұндай пальтоларды үлкен де, кіші де киетіндіктен сыртқы киімдердің ішінде ең көп сатылатыны болып есептеледі.
Сырылған пальтоларды қалай таңдау керек?
Мамық сырылған пальтолар. Мамық пен қауырсын араластырып салынады. Көбіне аққудың, қаздың, үйректің жүндері пайдаланылады. Бұлар ең жылы, ең жеңіл болуымен, табиғи материалдан жасалуымен ерекшеленеді. Бірақ өкінішке орай, бәрі бірдей сапалы бола бермейді. Кейбір өндірушілер мамығын аз, қауырсынын көп салады. Екіншіден, қауырсыны денеге кіріп кетпес үшін астары қос қабаттап жасалуы шарт. Алайда кейде бұл қағида да сақтала бермейді.
Мамық сырылған пальтоларды жуғанда кір жуғышқа кішкентай шарикті қоса саламыз. Ол киім жуылып жатқанда ұрғылап, мамықтың бір жерде жиналып қалудан сақтайды.
Синтетикалық мамықтан сырылған пальтолар. Жасанды дегенмен заманауи технологияның арқасында табиғи талшықтарға бергісіз етіп жасалған. Жылы, жеңіл, жууға да оңай.
Холлофайбер мен терммакстан сырылған пальтолар. Бұлар да ыңғайлылығынан үлкен сұранысқа ие киімдер. Таңдауды өзіңіз жасайсыз, ағайын!
Сурет: stargirlstime.ru
Оқи отырыңыз:
Қыздарға арналған қолғап түрлері
Ф. Абилова