Қысқы сән: "Мамықтан жасалған сырт киімдер"

Қысқы сән: "Мамықтан жасалған сырт киімдер"

Терезенің алдында жатқан мамық қар мен ауа температурасының төмен түскенін байқап, жылы үйде қалғанды жөн көретін адамдар бар. Олар аппақ қарда таза ауамен демалудың орнына көрпешеге оранып, шәй ішкенді жөн көреді. Таңдауларын логикаға салып, дұрыс деп айтуға болады. Алайда суық ауа райында серуендеуге арналған жылы да жеңіл киімдер бар. Сол киімдерді дұрыс таңдай отырып күнделікті тіршілікті жалғастыруға болады.   

Олар – жылы пальто, аң терісінен тігілген тон, иленген тері тон, мамықтан жасалған сырт киім болуы мүмкін. Пальто - кербездік пен биязылықтың белгісі. Ал мамықтан жасалған сырт киімдер спорт стиліне жақын. Бүгін дәл осы сырт киімді жарасымды етіп киюге көмектесетін бірнеше тәсілдерді ұсынамыз.


Қара түстің орнын күлгін, көк, қоңыр, қоңыр қызыл, қанық қызыл секілді ерекше түстермен алмастырып көріңіз. Мақтадан тігілген сырт киімдердің ешқандай суреттерсіз, біртекті болғаны жөн.

Неон түсті әрі жалтырауық келетін сырт киімдерді қаланың сыртына шыққанда, ауылға демалуға барғанда немесе таулы аймаққа спортпен шұғылдануға барғанда киеді.

Бұл жолы артық қалтары мен түймелері жоқ, қынама белдісін таңдауға кеңес береміз. Әдетте қалың тігістер мен түрлі-түсті суреттері жасанды көрінеді.

Капюшоны бар сырт киімдердің жағасына аң терісі жиектеліп тігілгенін таңдасаңыз, аз да болсын қыз баласына тән нәзіктікке ие боласыз. Ал желді ауа райында оның тағы бір ерекшелігін байқауға болады.


Ұзындығы белден төмен, тізеден жоғары болғаны дұрыс. Бұндай сырт киім көрік беріп, өкшесіз аяқ киімдермен жараса кетеді. Ал ұзындығы тізеден төмендерін өкшелі аяқ киіммен киіңіз.

Оларды шалбарлармен, колготкілермен аяққа тізеден жоғары тұратын етік киіп киюге болады. Үстіңізге ұзын жемпір немесе көйлек киіңіз. Ал джинс кигіңіз келсе, артық суреттері жоқ, қара көк түстісін таңдаңыз.

Стилист мамандарының айтуынша, снуд (екі ұшы біріктіріліп тігілген шарф түрі) шарфтарын немесе ұштары барынша жинақы тұратын түрлерін киген жөн.

Ал бас киімдердің спорт стилінен алшақ әрі суреттері жоғын таңдауға тырысыңыз. Қалың жүн жіптерден тоқылған бас киімдер жарасымды көрінеді. Бұл бас киімдер бас пішінін де өзгерту қасиеті бар.

Ешқандай да жалтыры жоқ, қоңыр қызыл, шоколад, қара секілді қанық түсті етіктерді таңдаңыз. Жұмсақ теріден немесе былғары теріден тігілгендері дұрыс.  

Қоларыңызды жылытып, биязылық сыйлайтын қолғаптар образды толықтырып, ерекше сұлулық сыйлайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: shubu.com.ua.ru

Қ. Бүйенбай