Сән тарихына үңілсек, біздің елімізде қаракөл терісінен жасалған бұйымдар кеңестік дәуірде салтанат құрды. Негізінен, қара, көгілдір, сұр, қоңыр түстегі әйелдерге арналған ұзынды-қысқалы тондар, кубанка, пилотка, берет, ер-азаматтарға арналған папаха, малақай, кубанка сияқты бас киімдер және қысқа тондар кеңінен тарады. Қолы жетпегендер жасанды қаракөлді місе тұтты.
Біраз үзілістен кейін қаракөл терісі сән әлеміне қайта оралды.
Дизайнерлер бұл жолы классикалық қара, көгілдір, сұр, қоңыр түстерден басқа жібектей жылтыраған алуан түстегі қаракөл бұйымдарын подиумға шығарып, көрсетті.
Әсіресе, қаракөл белдемше, көйлек, топ, сөмкелер үлкен жаңалық болды. Өңделген тері бұйымдары бұрынғыдай ауыр емес. Сондықтан, ойланбай ала беруіңізге болады.
Қаракөл бұйымдарын қалай кию керек?
Бұрын егер қаракөл тонын кисеңіз, бас киімді де сол материалдан, сол түстен таңдау керек болды. Қазіргі үрдіс бойынша, тек бір ғана нәрсені қаракөлден кие аласыз. Егер қаракөл тонын киюге мүмкіндігіңіз болмаса, осы теріден тігілген бас киім, белдемше немесе сөмкені, тіпті болмаса, қаракөл терісімен әшекейленген киімді алуыңызға болады.
Қаракөл терісінен жасалған түйреуішті тақсаңыз да болады. Бұл да сән элементі саналады.
Сурет: livemaster.ru
Оқи отырыңыз:
Қысқы сән: қалың тоқымалар
Қысқы сән: жағалы жемпір
Қысқы сән: бас киімдер
Қысқы сән: сырылған пальто
Қысқы сән: парка күртесі