- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән: Гетр...
Қысқы сән: Гетр
Атышулы 80 жылдарда аэробикамен бірге сәнге айналған гетр қазірде бойжеткендердің керекті әрі сәнді аксессуарларының бірі. Себебі, бұрын гетрді спорттық костюммен киген болса, бүгінде оны кез келген киім және аяқ киіммен (уггиден басқа) үйлестіруге болады.
Тым ұзын бойынан ұялатын бикештер көлденең жолақты, ал орта немесе аласа бойлы бойжеткендердің тігінен түскен өрнектері бар гетрді таңдап, киюлеріне болады. Әсіресе аласа бойлы қызға биік өкшелі етікке түстес гетрді кез келген белдемшемен киген өте жарасымды көрінеді.
Өте суық аязда етігіңіздің қонышы қысқа болып, балтырыңыз тоңатын болса, қалың гетрді қабаттап киіңіз: бұл әрі сәнді, әрі аяғыңыз жылы жүреді.
Гетрді биік өкше етіктердің сыртынан, ал гранж стиліндегі дөрекілеу етіктің ішінен киген жөн. Сондай-ақ қысқа шалбармен, қысқа белдемшемен де өте жарасымды.
Алма пішіндегі бойжеткендерге гетрді қабаттап кигені, алмұрт пішіндегілерге қабаттап киген де, жай киген де жарасымды.
Егер ұзын гетрді кигіңіз келсе, онда бір тегіс түстегісін (қара, қоңыр, сұр) таңдаңыз. Оны сникерс ботильон және қысқа күрте, паркалармен кисеңіз, сәнді аруға айналасыз.
Аксессуардан ірі алқа, шарф, палантин, ұзын сырға, ірі білезік, көзілдірік, қолғап образды аяқтауға көмектеседі.
Кейбір бикештер гетрді моншақпен, бантпен, гүлмен әшекейлегенді ұнатады. Мұндай образ көбіне ұяң мінезді, романтиканы ұнататын бойжеткендерге жарасымды. Дегенмен жоғары жағынан киілетін бір тегіс болғаны жөн. Әйтпесе балабақшаға баратын қызға ұқсап қалуы ықтимал.
Сурет: beautyblondie.com
Оқи отырыңыз:
Ф. Абилова