2015 жылға дизайнерлер әртүрлі ұзындықтағы (мини, миди, макси) белдемшелерді ұсынып отыр. Бұл белдемшелердің пішімінің классикалық түрі – «қарындаш» сәннен қалмаса да, трапеция, кең етек белдемшелердің алуан түрі подиумға лап қойды.
Сонымен қатар белдемше тіктіру үшін маусымға тән твид, жүн, барқыт, пүліш, тері сияқты қалың материалдармен қатар шифон, жібек, шілтер тәрізді жұқа маталардан да (жылы бөлмеде жұмыс істейтін болсаңыз) тапсырыс бере аласыз.
Бұл жылдың тағы бір жаңалығы – 90 жылдары кеңінен тараған кең етек деним белдемшесі. Дизайнерлер оны ақ кофтамен киюді ұсынады. 90 жылдары кең етек деним белдемшесін дизайнерлер кестелеп ұсынса, қазір бір тегіс көгілдір матадан тігілгені ерекше сәнді көрінеді. Мұндай белдемшелер «банан», үшбұрышты және «алмұрт» пішіндегі бикештерге әдемі жарасады. «Банан» және «алмұрт» пішіндегілер кең блузка, жейде, кофталармен, ал үшбұрышты пішіндегілер денемен дене болып тұратын кофталармен кие алады. Осы пішіндегі аруларға трендтегі сырылған кең етек белдемшелер мен аң терісінен тігілген трапеция белдемшелер де жақсы үйлеседі.
Бұл үлгідегі белдемшелерді кеңсеге, маңызды кездесуге немесе оқуға классикалық жейдемен үйлестіріп, киіп баруға болады.
Өкінішке орай, кең етек деним белдемшелер «алма» пішіндес аруларға тек сыртынан жеңсіз кию арқылы үйлеседі. Есесіне masculine стиліндегі миди деним жейде-көйлек олардың дене бітімін мінсіз қылып көрсетеді.
Өткен жылдардан бері сәннен түспей келе жатқан тері белдемшені жаңғырту үшін, әртүрлі пішінмен қатар, плиссе – қатырмалап қабатталған түрде де ұсынылды.
Жұқа жібек, шифон, шілтер белдемшелерін қалың жемпірлермен, mаsculine стиліндегі жакетпен және ұзын қонышты етікпен кию трендте.
Қысқа белдемшелерді бойжеткендер жүннен тоқылған ұзын гольфпен және ботфортпен кие алады.
Сурет: etsy.com (өңделген)
Оқи отырыңыз:
Қысқы сән: Свитшот
Қысқы сән: қалың тоқымалар
Қысқы сән: жағалы жемпір
Қысқы сән: бас киімдер
Қысқы сән: сырылған пальто
Қысқы сән: парка күртесі