- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән: «Айкезбе»...
Қысқы сән: «Айкезбе» етіктер
«Қазгидромет» арктикалық ауа массасының әсерінен антициклонның Қазақстанға қарай бағыт алғанын хабарлап, қалың киім киіп жүру қажеттігін ескертті.
Тон, ішік киюмен бірге аяғыңызды да жылы ұстағаныңыз абзал. Себебі аяқтан өткен суық көптеген ауруға алып келеді. Сондықтан бұрыннан келе жатқан угги етігінен жалықсаңыз, қазіргі трендтегі «Айкезбе» етігін сатып алыңыз. Сол кезде ешқандай антициклон қауіпті болмайды. Өйткені бұл етік өте жылы әрі сізді сәнді етіп көрсетеді.
«Айкезбе» етігін ыңғайлы, жылы болғандықтан, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін таңдай алады.
Дизайнерлер 2015 жылғы сәнді ерекше етіп көрсету үшін классикалық үлгілерімен қатар, әртүрлі биіктіктегі өкшелілерін де ұсынып отыр.
Бұл үлгі неліктен «Айкезбе» деп аталады?
Себебі, айға алғаш барғандар осыған ұқсас етік киген.
Аяқ-қолы жіңішке, ұзын «банандар» мен «алмаларға» бұл етіктің барлық түрі, тіпті танкетка өкшелісі де жақсы жарасады. «Алмұрттарға» ықшам, сыпайы тігілгендері ыңғайлы болып келеді.
Сықырлаған аппақ қардың үстінде киген қызыл, жасыл, көк, сары түстегі «Айкезбелер» жаныңды жадыратып, көңіліңді қуанышқа бөлеп, күннің суығын ұмыттырып жібереді.
Жауған қары тез еріп кететін ылғалды Алматының сәңқойлары су өтпейтін материалдан жасалғанын, ал солтүстік пен шығыстың бикештері қалың табанды әрі матадан тігілгенін (сұлуынан жылуы) таңдағандары абзал.
Твидтен, былғарыдан жасалған түрлерін қысқа күрте, ішіктермен жұмысқа кию жарасымды болса, «mom jeans» шалбарымен спорттық үлгідегісін киіп, серуенге аттана аласыз.
Романтикаға жаны құмар аруларымыз қалың колготімен «Айкезбенің» сырылған түрін қалайтыны сөзсіз.
Сурет: chictopia.com, sarenza.co.uk
Оқи отырыңыз:
Ішіктің қандай түрін кигіңіз келеді?
Әшекей бұйымдарды қалай тағу керек?
"Mom jeans" сәнге қайта оралды
Ф. Абилова