Қысқы сән-2015: Тырнаққа арналған бояулар

Қысқы сән-2015: Тырнаққа арналған бояулар
Фото: elle.ru

Жаңа маусымда жылы киімдерімізді сандықтан шығарып қана қоймай, косметикамызды да өзгертеміз. Мезгіл ауысқан кезде терімізге, шашымызға, тырнағымызға ерекше күтім қажет. Мұнымен қатар, боянатын заттардың түсін өзгертуімізге тура келеді. Түсті көп жағдайда сәнге байланысты өзгертіп жатамыз. Олай болса, назарларыңызға күз бен қыс маусымдарында барынша әдемі көрінетін лак түстерін ұсынамыз.

Тасжүректі ару

Өткен маусымда сәнде болған көк түс қошқылдау болатын. Бұл жолы оны басқа түстермен үйлестіруді ұсынамыз. Оны өзіне ұқсайтын күлгін сынды түстермен қатар боямаған жөн.

Бағалы өнер

Бір түсті лакпен бояп қою тәсілі сәннен шыққанына көп уақыт өтті. Осы маусымда жоқ дегеннің өзінде шылдыршүмекті басқа түске бояған дұрыс. Ал бірнеше түсті қатар алып, түрлі өрнек салдырар болсаңыз, құба-құп дейміз.

Негатив

Жаздың аптап ыстық күндері артта қалса да, негативтен арыла қоймаған сияқтымыз. Бұл жерде көңіл-күй туралы емес, «negative space» (негативті кеңістік) маникюрі туралы айтып жатырмыз. Тырнақты түгелдей немесе көп бөлігін түссіз боуямен бояп, бетіне сурет саламыз. Осылайша лакты да үнемдейміз.

Реңк беруші крем

Нюд стиліндегі маникюр кез келген жағдайда көмекке келеді. Әсіресе киіміңізде жылтыр тастар мен акссесуарлар көп болған кезде. Мұндайда тырнақты белгілі бір түспен бояу – артық болады. Піскен сүтке немесе шабдалыға ұқсайтын түс кез келген образбен үйлеседі.


Сиқыр

Қызыл шараптың түсі қашан да сәнде. Бірақ биыл оған түрлі шөлмек пен жүзімнің суреті қосылды. Оларды бөлек немесе бірге салдыруыңызға болады.

Қара тізім

Қара түсті жағымды деп айта алмаймыз. Оны батыл әрі ешкімнің пікірін назарға ілмейтін жандар таңдайды десек, қателеспейміз. Егер қолыңыздағы қара түсті лак барынша жағымды көрінгенін қаласаңыз, үстіңізге сүйкімді қара көйлек киіңіз. 

 

Қ. Бүйенбай