Қысқы сән-2015: Сырт киімдер мен көйлектер

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, сандықтан жылы киімдерді шығарып, оранатын уақыт та келіп қалды. Талғамға талас жоқ екені рас, алайда сәнгерлердің пікірін де құлаққа ілген жөн. Кезекті материалымызда биыл сәнде болатын қыстық сырт киімдер мен заманауи көйлектер туралы жазуды жөн көрдік.

Ұзын пальто

Ұзындығы тобыққа дейін жететін пальто киіп алатын қыздарды талай кездестірген шығарсыз. Иық сызығы да әдеттегіден төмен тұрады. Ол жылы көрпеге қаттырақ ұқсайды.

Жиһаз принттер

Биыл қыста жарқын түстер мен вензельдер (жөргемделіп жалғастыра әдемілеп жазылған біреудің аты-жөнінің бас әріптері) сәнде болады. Үй интерьеріне ұқсайтын реңктер кез келген матаның өңін кіргізеді. Дрис ван Нотен, Кристофер Бейли секілді сәнгерлер үй жиһаздарын принтке айналдырған екен. Кейбіреуі тіпті қиялына ерік беріп, жиһаз принті бар көйлектер тіккен. Сондай көйлектердің бірін Simone Rocha бренді ұсынады.

Готика

Сәнгерлер ауыр темір-терсегі бар күртелер мен аяғына бәтіңке етік киіп алатын қыздардан шабыт алған сияқты. Бұл стиль бәрінен де Александр Вэнгтің топтамасында көрініс тапқан. Balenciaga, Givenchy және No. 21 топтамаларынан осы стильдің романтикаға жақын киімдерін кездестіреміз.

Тізеден төмен түсіп тұратын, аң терісінен тігілген пальто

Stella McCartney, Louis Vuitton, Christian Dior осы қыста қалыптан тыс ұлғайған тон киіп жүруге кеңес береді. Бұл тонның нұсқалары өте көп және оларды біріктіретін бір ұқсастық бар. Ол – ұзындығы мен түрлі элементтері. Бұдан өзге Max Mara ұсынған түрлі-түсті жолбарыс принті бар көйлек, күлкілі бұйра жүндері бар тон, Fendi-дегідей ұзындығы тобыққа жететін, Chloé-дағыдай аппақ мінсіз тон киіп алуыңызға болады.

Инфантилдік көйлектер

А тәріздес көйлектер сәнге қайта оралды. Оны Lolita dresses, Dolce&Gabbana, Chanel секілді брендтер ұсынды. Ал ерекшеленуді жақсы көретін қыздар Prada көйлегін сатып алғаны жөн. Миучча Прада ақылды қыздарға қандай көйлек жарасатынын жақсы біледі.

Пэчворк

Сәнгерлер түрлі қиындыдан жасалған көйлекті ұсынбағалы көп уақыт өтті. Ол ұмыт болды десек те болады. Осы маусымда Burberry суретшілердің туындысына ұқсайтын пэчворк пальто ұсынды. Сәнгер солтүстіктегі халықтардың дәстүрлі киімдеріне назар аударған сияқты.

Ал сіз қысқа арнап қандай сырт киім таңдадыңыз?