Қысқы сән-2015: Сырт киімдер мен көйлектер - 2

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, сандықтан жылы киімдерді шығарып, оранатын уақыт та келіп қалды. Талғамға талас жоқ екені рас, алайда сәнгерлердің пікірін де құлаққа ілген жөн. Кезекті материалымызда биыл сәнде болатын қыстық сырт киімдер мен заманауи көйлектер туралы жазуды жөн көрдік.

Сексенінші жылдар

XX ғасырдың сән үлгілерінің ішінен 80-жылдардағы сән үлгісін ерекше атап өтуге болады. Иығы үлкен көйлектер мен түрлі-түсті бұйымның көзге бірден түсері анық. Мұндай үлгіні Джонатан Андерсон ұсынған екен. Céline-де барынша кербез болса, Ashish-киімдері көздің жауын алады.

Барқыт

Барқыт пен велюр – құрылымы тығыз, театралдық маталар. Олар ең қарапайым деген заттың өзіне өң кіргізеді. Көп сәнгерлер оның қара, көк түстерін таңдаған екен.

Металл бұйымдары бар киімдер

Күз бен қыс мезгілдерінің басты бағыттарының бірі – металл элементтері бар киімдер. Александр Вэнг Balenciaga топтамасын металл жүзіктермен, металл пластиналармен толықтырған екен.

Үрленген заттар

Мамықтан жасалған сырт киімдердің де жұлызды сәті келген сияқты. Ол қыста тоңдырмайды. Chanel одан жакет, ал Fendi пальто, Rag & Bone бомбер тіккен екен. Бұл ерекше бағытты сәнқой қыздар дұрыс бағалайды деген ойдамыз.

Трикотаж көйлек

60-жылдары мұндай көйлектерді әйгілі сәнбике Джейн Биркин киетін. Алайда оның көйлектері ашықтау болатын. Бұл жолы сәнгерлер барынша ұстамды болуға кеңес берді. Louis Vuitton белдемшесі мен футуристикалық костюм жақсы үйлеседі.

Бушлат пальто

Бір кездері бушлат Ұлыбританияда әскери теңіз флотының формасы ретінде танымал болған. Дәл қазір оған сәнгерлердің қызығушылығы артып жүр. Дәлдікті жақсы көретін адамдарға Michael Kors пен Chloé пальтолары ұнары сөзсіз.

Бүрмеленген белдемше

Бұл белдемшелердің сән әлеміне қайта оралуына түрлі себеп бар. Gucci үлгісі біз жоғарыда айтып өткен 80-жылдарды еске түсіреді. Lacoste теннисші қыздарға арнап киім тіксе, Седрик Шарлье белдемшелерін бомберлермен толықтырған екен.

Ал сіз қысқа арнап қандай сырт киім таңдадыңыз?