Қысқы сән-2015: Сырт киімдер

Қысқы сән-2015: Сырт киімдер
Фото: rudaki.ru

"Қыстың қамын жаз ойла" демекші, көбіміз қыстық киімдер сатып алып үлгерген шығармыз. Десе де ендігіде киім алатын болсаңыз, төмендегі сән үлгілерін ескеруіңізге болады. 

БУШЛАТ ПАЛЬТОСЫ

Бушлат пальтосы бізге Ұлыбритания мен АҚШ-тың әскери теңіз флотының жасақталуының арқасында келген. Бушлаттар соғыс жылдары әйелдердің сұлулықтан жылуды артық көрген кезден бастап олардың гардеробының бір бөлігіне айналған. Бұл маусымда теңізшілердің униформасына Chloe, Nina Ricci, Michael Kors және Sonia Rykiel сындылар сөзбе-сөз дәйексөз келтірген. Бұл - екі қатарда орналасқан 6-8 түймесі, екі тік және көлденең қалтасы, металлдан жасалған түймесі бар кең қайырма жаға. 

БЕЛІ ҰЗЫН ШАЛБАРЛАР

Өткен маусымда подиумға белі ұзын киімдер кең балақты шалбарлармен қатар келді. Күзгі көрсетілімдерді ескерсек, кең балақты шалбарлар әйгілі тенденциялардың топ-парағында қалады. Ал шалбарлардың үлгісі өзгерген. Қазіргі таңда галифе шалбарлар мен скинни сәнде. Белі ұзын шалбарлардың ерекшелігі – сырт көзге мүсінімізді ұзын етіп көрсетуінде. Жаңа маусымда осы шалбарларға қатысты жалғыз ережені ескеруіміз қажет: нымша мен жейдені, жемпірді шалбардың ішіне саламыз, қажет болса, белдік тағуымызға болады.

ШАЛБАРЛЫ КОСТЮМ

Дене пішініңізге сай "екілігіңізді" табу қиынға соғуы мүмкін. Өйткені матасы мен түсінің жарасымдылығын, денеңізге барынша қонымды болуын ескеруіңіз қажет. Жаңа маусымда қысқа жакеті мен аспалы бауы бар костюмдерге, жұмсақ матадан тігілген, кардигандарды еске түсіретін етегі ұзын жакеттерге, беліне бау өткізілген, ерлер стиліндегі классикалық шалбары бар, екі жағына бірдей қаусырмалы кюлоты бар жакетке, мұнымен қатар, галифе шалбары бар смокингтерге назар аударған жөн.

ВИКТОРИАНДЫҚ НЫМШАЛАР

Жаңа маусымның барлық романтикасы мен нәзіктігі викториандық және эдвардиандық стильдердегі нымшада көрініс тапқан. Өзіңізге лайығын таңдағыңыз келсе, қателесуге мүмкіндік бермейтін детальдарға назар аударыңыз: тік жаға, әдемі шілтерлі безек, үлпілдек жең, желбіреуік пен қосетек, басымдылық ақ түсте. Ал олармен барқыттан тігілген сарафан, ұзындығы тізеге дейін жететін су перісі белдемшесі, қарындаш белдемше мен галифе шалбарлар жақсы үйлеседі.

ЖАҒАЛЫ ЖЕМПІР НЕМЕСЕ ТОП + КӨЙЛЕК

Бұл күзде біз жағалы жемпірлерсіз өмір сүре алмаймыз. Тіпті, қарапайым топтың өзі жанына қатты мінезді заттар қоссақ, қызық әрі жарқын болып көріне бастайды. Күзгі маусымда бұл зат жіңішке және жалпақ аспа бауы, Vға ұқсайтын немесе айқын тіктөртбұрыш ойығы бар, принті немесе декорацияланған металл түймесі бар әдеттегі сұр көйлек болады.

СЕКСЕНІНШІ

80-жылдардағы сәнді «шектен шығу» деген сөздермен сипаттауға болады. Жаңа маусымда иығы үлкен (бұрын оларды иықастылар алмастыратын) топтар, люрексті, лакты, винильді жылтырлар, түрлі-түсті немесе ірі тор колготкалар, ерекше ұзындықтағы мини белдемшелер, түрлі-түсті велюр шалбар киіп жүрсеңіз, еш ағаттығы жоқ, мұнымен қатар, логомания мен ірі аксессуарлармен әуестенуге болады. Шабытты Мадоннаның бейнебаяндарынан, "Династия" телехикаясынан, Джейн Фонданың аэробика сабақтарынан және анамыздың жастық шағындағы суреттерінен іздеген жөн.

Қ. Бүйенбай