Қысқы сән-2015: Көйлек-жейде

Қысқы сән-2015: Көйлек-жейде
Фото: rudaki.ru

Көйлек-жейде бойжеткендердің гардеробындағы ең ыңғайлы киім екені рас. Оны колготкімен көйлек ретінде, шалбармен туника ретінде киюге болады. Олар белді айқындап тұрмайды. Мұндайда белдік тағуыңызға болады.

Сафари стиліндегі, ақшыл сары, қоңыр түсті, қалтасы мен металл элементтері бар түрлері кез келген қызға жарасады. Оларды киген кезде ағаш, былғары секілді табиғи материалдардан жасалған аксессуарлар таққан жөн.

 

Джинс көйлек-жейдесін кешкі асқа да киіп баруға болады. Қыстың суық күнінде етікпен киген жөн. 

Үйлесетін аяқ киім таңдар кезде де қиындық тумайды. Тек сафари стиліндегі көйлек-жейдеге сабо немесе жарқын түсті аяқ киім таңдасаңыз болғаны. Ал жібек матадан тігілген көйлек-жейдеге биік өкшелі аяқ киім жарасады.

Қ. Бүйенбай