Сәнгерлер 2015 жылдың күз бен қыс маусымдарына арнап түрлі үлгідегі аяқ киімдер тіккен екен. Олардың ішінен кез келген ару өзіне ұнайтынын таба алады.
Биыл сәнгерлер тік өкшелі етіктерге қарағанда, өкшесі жалпақ аяқ киімдерді көбірек ұсынуда. Өкшесі қалың, ұзындығы тізеге дейін жететін етіктер әлі де сәнде. Оларды «мәңгілік классика» деп атауға болатын шығар. Көп брендтер ерлер туфлиіне ұқсайтын, киіп жүруге барынша ыңғайлы етіктер ұсынып жатыр.
Сәнгерлер классиканы ұнатпайтын бойжеткендердің де көңілінен шығуға тырысқан екен. Қарапайым, жинақы модельдермен қатар түрлі таспен зерленген түрлерін де тіккен.
Шашақ пен бау – маусымның басты трендіне айналды. Олар осыған дейін 70 жылдарда сәнде болатын. Лакталған, күдері және жылан терілер сәнде. Бұл маусымда аң терісі етіктің ішінде ғана емес, сыртында да болуы мүмкін.
Ал сіз қыс мезгіліне арнап қандай аяқ киім таңдадыңыз?