Біздің ойымызша, қыз-бойжеткеннің нәзіктігін танытатын белдемшеден артық зат жоқ. Ол белімізді айқындап, аяғымызды сұлу етіп көрсетеді. Бөксенің толықтығы, іштің шығуы сынды кемшіліктерімізді жасырады. Пішінін өзімізге сай таңдасақ, міндетті түрде жарасады.
Назарларыңызға 80 жылдары сәнде болған кең етекті белдемшелерді ұсынамыз. Олардың ұзындығы миди және одан да төмен. Бұл белдемшелер биыл қайта сәнге кірді. Сәнгерлер олардың жасыл, алқызыл, таңқурай түстес және көк түстілерін таңдауға кеңес береді. Оларды жағалы жемпірмен, белдемшенің ішіне салып киюге болатын кеудешелермен киюге кеңес беріледі. Мұндай белдемшелер барлығына дерлік жарасады. Егер бойыңыз қысқа болса, міндетті түрде өкшелі аяқ киім киіңіз.
Ақшадан қысылсаңыз, оны бір түннің ішінде қолдан тігіп алсаңыз болады.
Ал сізге қай белдемше көбірек ұнады?