Угги – қысқы аяқ киім. Кей адамдар оның аяқты тоңдырмайтынын айтса, енді бірі жүріс-тұрысты өзгертіп, стильді бұзады деген пікірді ұстанады. Бірақ, кім не десе де, угги биылғы жылы да сәннен қалатын емес.
Мұндай аяқ киімді кию үшін, алдымен ойлану қажет. Қандай киімдермен үйлестіріп киемін, немен жарасады, немен жараспайды, қайда киген дұрыс, жұмысқа киіп барсам бола ма деген секілді маңызды сұрақтарға жауап берсеңіз, ойланбай алсаңыз болады. Уггиді қар жауған кезде киген тиімді. Ұзын қонышты етіктен қар кірмейді, әрине, қалың қар түскен жерге бармасаңыз болғаны. Жаяу қыдырып жүргенде де аяқты шаршатпайды.
Классикалық уггиден басқа баулары бар, сәнді көбелектермен безендірілген, моншақты түрлері кездеседі. Бұл безендірулер уггидің биіктігіне байланысты.
Джинс
Көйлек
Көйлекпен угги киюден қорықпаңыз. Сәнді колготкалармен үйлестіріп кисеңіз болады. Колготка мен уггидің түсі бір реңктен болғаны дұрыс. Егер етігіңіз қоңыр болса, одан сәл ашық түсті колготка киген абзал. Бастысы, сыртқы киіммен бірдей болмаса болғаны.