Пончо және кейп — күз-қыс маусымының ерекше киім үлгісі. Олардың жемпірлерден бір ерекшелігі, жеңі болмайды. Шығармашылықпен, үнемі жазумен айналысатын адамдарға арналған. Себебі, жеңі көп бүлінбейтін киім қалайтындарға арналған. Көпшілік мұны үлкен бөкебай десе, енді бірі жаураған кезде жамылуға арналған киім дейді. Иә, солай. Бірақ, олардың атауы барын ұмытпау керек.
Пончо мен кейп бір-біріне қатты ұқсайды. Айырмашалықтары мынада:
– Жиектері. Пончоның жиегі төртбұрышты формада қарапайым тігілген. Кейп те төртбұрышты үлгіде тігіледі, бірақ сәл күрделірек.
– Пончо тоқыма біздерімен тоқылады. Кейп сырт қарағанда пальтоға ұқсайды. Әдемі түйреуіштермен бекітуге болады. Ал пончо жай ғана жамылғы секілді.
– Жылу жағынан пончо жемпір секілді, ал кейп сырт киім сияқты.
Киімдермен үйлестіріп киюде де айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мысалы шалбармен кию:
Оксфорд аяқ киімімен нәзік етіп көрсетеді.