Кей арулар қыс мезгілінде күртенің не тонның қайырылмалы (капюшон) бас киіміне сеніп, телпек кигісі келмейді. Бірі өзіне жарасатынын таба алмай жүргендігін сылтауратса, енді бірі шашымды бүлдіреді деп ақталады. Бірақ, ауырып қалса, сәнге де қарайтын уақыт болмай жатады. Олай болса, сәнді бас киімдерді қалай кию керектігіне назар аударайық.
Бұл жастарға арналған бас киім үлгісін ерлер де, арулар да киеді. Спорттық не қыдыруға арналған киім үлгілеріне жататын бас киімді әртүрлі қалыпта киюге болады. Түсіне қарап, бас киім, шарф, қолғап таңдау қажет.
Осы бас киімнің «туысы» бини деп аталады. Ағылшынның «beanie» сөзінен аударғанда «бұршақ» деген мағынаны білдіреді. Гранж, кэжуал стиліндегі бас киім әрі жылы, әрі сәнді көрінеді. Төмендегі суреттерге қарап, сән үлгісін таңдап алыңыз.