Арманыңдағы бұйымды сатып алу үшін міндетті түрде мол қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда дизайнерлер подиумдық заттарға тамаша баламалар ұсынады және кейде оларды бір-бірінен ажырату да қиын болып жатады.
Күздік бәтеңкелер
Далада күздің лебі есіп, суық түсе бастады. Демек, сүйікті дөрекі, былғары бәтеңкелерімізді гүлді көйлекпен және кең жемпірмен киетін уақыт та тақап қалды. Осындай бәтеңкелердің екі нұсқасын ұсынамыз. Бірі - Balenciaga белгісінің қымбатын және соған ұқсас Asos-тық біршама арзанырағын. Мұндай аяқ киім гүлді көйлек пен жемпірге ғана жарасып қоймай, кез келген киімге, мектеп формасына да жарасады.
Журнал түріндегі клатч
Charlotte Olympia сәнді клатчы комикстердің бір бетіне ұқсайды. Клатч-газеттер мен журналдар бұл брендте ғана бар емес. Hearts of IV брендінің клатчы Charlotte Olympia клатчынан 10 есе арзан екенін байқаймыз.
V-ойықты қара-ақ кардиган
V-ойықты жемпір барлық күзгі-қысқы көрсетілімдерде ұсынылды десек болады. Кейбір дизайнерлер V-ойықты қарама-қарсы жолақтармен әрледі, мысалы, Prada. Мұндай жемпір мектепте де орынды. Бағасына қарамастан, қарама-қарсы қара жолақты Rag&Bone жемпірін күнде жууға тура келеді. Stradivarius жемпірі арзан болғанымен, сонымен қатар тез кірлемейді де.
Домалақ көзілдіріктер
Бұл көзілдіріктердің бір-бірінен 10 айырмашылығын таба алмайтындарыңызға сенімдіміз. Оларға қарап, екеуі екі түрлі ме, әлде әр бұрыштан түсірілген бір көзілдірік пе, түсіну қиын. Қысқаша айтқанда, апалы-сіңлі Олсендердің The Row маркасындағы көзілдірігіне 75 000 теңгеңіз болмаса, онда Diva-ның мұндай көзілдірігін бар-жоғы 3000 теңгеге сатып ала аласыз.
Торлы қарындаш-белдемше
Классикалық шотландканың орнына, ерекше түсті торлы белдемше таңдаңыз. Мысалы, алқызыл терракоталы. Тым үлкен көрінбес үшін қарындаш-белдемшені майкамен, бомбер және кроссовкамен киюге болады.
Бауы бар босоножка
Биік өкшелі селдір босоножка сіздің адал және кірпиаз досыңызға айнала алады. Мұндай бұйым сәнді көйлектер мен ерекше кештерді ұнатады. Бірақ кейде жеңіл топ және джинсымен үйлесіп, кездесуге де киюге ұтымды.
Жолақ-жолақ бүрмеленген белдемше
Бүрмелі белдемше ешқашан сәннен шыққан емес. Mango мен Vanessa Bruno-ның сәнді белдемшелеріне назар аударыңыз. Тік жолақтар бүрмемен үйлескенде ерекше өрнек туады.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Сурет: ellegirl.ru