Күз шындығында жылдың ең сәнді мезгілі екені баршаға мәлім. Десе де, бір әмбебап комбинация құрып алған артық етпейді. Ауа райының түрлі жағдайларын ескере отырып, күзге арналған жалғыз универсал look жасаңыз. Күні кеше ғана Милан сән апталығында жүрген супермодель Эльза Хоск оның ең үздік нұсқасын көрсетті.
Сән астанасында ол жарымен қол ұстасып серуендеп жүрді. Үстіндегі киімі үш элементке негізделген: мінсіз беж реңкіндегі классикалық ұзын тренч, жеңіл тік пішімді джинс шалбар және тоқсаныншы жылдар стиліндегі бейсболка. Бұл «постулаттар» шведтік топ-модельге еліктеуге негіз бола алады.
Қосымша таңдалған жүгіруге арналған аяқ киім, ақ жейде (шуақты күндерде кроп топ киюге болады) және кішкентай сөмке де мінсіз үйлесім тапқан.