- Негізгі бет
- Сән
- Күзгі тренд: супер-сайз...
Күзгі тренд: супер-сайз сырға
Көзге бірден түсетін көлемді аксессуарлар тренд болудан қалмады. Осы күздің өзінде үлкен сырғалар сырт киімнің әрін келтіре түспек.
Жаңа мезгілдің негізгі бұйымы кез-келген шаш үлгісімен үйлесе береді. Оны таңдаймын деп әуреге түсудің еш қажеті жоқ.
Осы орайда бір қызық ақпаратқа тоқтала өтейік, Business of Fashion журналы үлкен сырғалардың сәнге айналу себебін түсіндірді. Олардың зерттеуі бойынша, селфи сурет жасайтын адамның үстіне қандай сәнді киім кигені көрінбейді, сол себепті соңғы сәнге сай бұйымдарды тек бет жүзіне, құлағына не мойынына ғана тағып көрсету сәнге айналған.
Селфи үшін сәнденудің ең қарапайым тәсілі statement-сырға тағу екен. Олар ең қарапайым макияждың өзін көркем етіп көрсетуге қауқарлы.
"Topshop, H&M, Piaget және Chopard, Celine мен Marni сынды компаниялардың барлығы қазір statement-сырға шығарумен айналысады. Әдетте сән апталықтарында ұсынылатын бұйымдар күнделікті өмірде қолданыс таппай жатады. Бірақ аталған сырғалар бірден трендке айналды", -дейді британиялық Vogue журналының "Сәндік бұйымдар" бөлімінің редакторы Кэрол Вултон.
Тренд сырғалар ең көп сатылатын фэшн-бренд ретінде Simone Rocha мен J.W. Anderson сән үйлерінің беделі жоғары. Олардың бұйымдарының құны 120 мен 380 доллар аралығында. Тек қана аксессуар шығаратын компаниялар қатарынан Rebecca de Ravenel мен Anissa Kermiche сырғалары үлкен сұранысқа ие.
А. Оралқызы