Күз мерзімінің сәнді трендтерінің қатарына қара былғары пиджак кірді. Дизайнерлер бұл трендті өз көрсетілімдерінде ұсынып, ал сәнқойлар мен сән блогерлері күздің түсуін күтпестен киіп алды. Сонымен, былғары пиджакты немен киюге болады?
2019 жылғы күз мерзімінің басты тренді – қара total look. Қара пиджакты қара топпен немесе водолазкамен және қара былғары скинни шалбармен үйлестіріңіз. Мұндай киім үлгісі дөрекі көрінбес үшін басы үшкірлеу күдері аяқ киім таңдаған жөн.
Сasual стилінде киіну үшін былғары пиджакты джинс шалбарымен және футболкамен үйлестіруге болады. Бұл киім үлгісіне былғары аяқ киім киюге болады.
Былғары пиджак белдемшелермен де жарасады. Мысалы: қарындаш-белдемше немесе бүрмеленген белдемше. Бұл кезде былғары пиджактың ішінен тоқылған свитер немесе капюшоны бар худи киюге болады. Ал егер қысқа белдемше кигенді ұнатсаңыз, оны былғары пиджактың кең және ұзындау түрімен үйлестірген жөн.