Күзгі тренд – бомбер күртесі

Күзгі тренд – бомбер күртесі

Ұшқыштарға арналған бұл күрте жарты ғасыр бұрын сән әлемінің айналымына енген еді және әлі күнге дейін өзінің танымалдылығын жоғалтқан емес. 

Алғашқы ұшқыштардың күртесі Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған, алайда қазіргі бомберлердің классикалық үлгісі 1955 жылы АҚШ-тың әскери-әуе қаруларының арнайы тапсырысымен «МА-1» үлгісі тігіліп, америкалықтар оған «flight jacket» атауын берді.

Бұл күрте қазіргі атауына бомбалаушы ұшқыштардың арқасында ие болды. Оның не басты ерекшеліктері – жүріс-тұрысқа ыңғайлы, екі жақты және кез келген киіммен үйлесе береді.

Бомбер – су өткізбейтін матадан тігілген, сыдырма ілгекті күрте. Жел өткізбеу мақсатында бел жағына резеңке тігілген. Классикалық үлгілер қара жасыл немесе көк, астары сарғыш түсті етіп тігілген. Бұл ұшақтан катапульталанған ұшқышты табу үшін таңдалған түстер еді.

80-жылдары бомбер әскери стильден ауытқып, күнделікті гардеробқа кіріге бастайды.

Бомбер күнделікті стиль киіміне кіріккен күннен бастап онын кез келген киіммен үйлесе кететіні айқын болды. Заманауи casual стиліндегі образды бомбер күртесі мен Garcia Jeans таныстырған джинсы шалбар мен толстовка түріндегі комплектін айтсақ болады. Сонымен қатар бұларға торлы жейде мен спорттық аяқ киім жақсы үйлесе кететіні сөзсіз.

Бомбер джинсымен ғана емес, кэжуал шалбарларымен де жараса береді. Бұл күртенің астына кез келген жеңіл жейде, поло, көйлектер, толстовка, жемпір киюге болады.


Аяқ киімді образыңа қарай таңда: кроссовка, бәтеңке, кеда немесе дезерт аяқ киімдері.

Елімізде соңғы маусымдарда бомбер күртелері үлкен танымалдылықты иеленгені бәрімізге мәлім. Сондай-ақ бұл күртелерді қыз-келіншектер де киіп жүр. Бомбер қыздар сәнінде қысқалау белдемшелер, джинсы шалбар және тізеден келетін бір түсті матамен тігілген көйлектермен жақсы үйлесімін табады.


Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: vk.com

Ф. Абилова