Күзгі сәнді аяқ киімдер

Киім үлгісінің өзекті болуы үшін киімдер ғана маңызды емес. Киім үлгісін сәнді және заманауи етуге макияждан бастап сөмкеге дейінгі детальдар және әрине, аяқ киім көмектеседі. Егер жаңа аяқ киім алу ойыңызда болса, соңғы тенденцияларға мән беріңіз.

Жокей стиліндегі етік

Бұл жокей стилі өзекті болып жатқан бірінші мерзім емес. Дизайнерлердің соңғы топтамаларынан дерби стилін еске түсіретін киімдер мен аяқ киімдерді көруге болады. Оған жокей стиліндегі етіктер да жатады: қонышы тізеге дейін, өкшесі жалпақ. Мұндай етіктің заманауи үлгілері классикалық дербиге жақын немесе сол стильге сәл ұқсауы мүмкін. Бұл өте ыңғайлы және әмбебап аяқ киім.

Чанки аяқ киімі

«Chunky» сөзі «көлемді», «массивті» деп аударылады. Бұл табаны қалың немесе платформасы бар және басы дөңгелек дөрекі аяқ киім. Чанки аяқ киімдері гардеробтағы сәнді киімдермен жақсы үйлесім табады.

Казаки етігі

Жабайы Батыс эстетикасына жататын казаки етіктері сән топтамаларынан бірнеше маусым қатарынан қайта-қайта көрінуде. Жаңа топтмаларда классикалық казаки етіктері аз кездесті, бірақ қайндай да бір деталі соған ұқсайтын етіктер болды. Бұл етікті әмбебап деп айта алмаймыз, бірақ ол киім үлгісіне ерекшелік сыйлайды. Мұндай етікті джинс шалбарымен және жеңіл көйлектермен кие аласыз.

Челси етігі

Бастапқыда челси бауы жоқ, қонышы қысқа, екі жанындағы созылмалы қондырмалары арқылы киілетін бәтеңке болды. Соңғы жылдары жоғарыда айтылған чанки дизайнындағы челси етіктері подиумдардан түсер емес. Челсидің қонышы ұзын түрлеріне мән беріңіз.

Шұлық-етік

Қонышы шұлық секілді киілетін етіктер сәннен бір шығып, қайта оралып жүр. Олар 2022 жылы да өзекті болады. Оның материалы созылмалы былғарыдан немесе күдеріден болуы мүмкін. Өкішесі бар немесе жоқ түрін таңдай аласыз. Мұндай етіктің қонышы, әдетте, өте ұзын болады. Сондықтан мұндай етік қысқа белдемше мен көйлектер немесе аяққа жабысып тұратын леггинсылармен жақсы үйлеседі.

Бауы бар етік

Бұрын да бауы бар етіктер және бәтеңкелер өзекті болды. Бірақ бұл маусымда бауы бар қонышы ұзын етіктер сәнде. Басы дөңгелек, табаны қалың, аздап өкшесі бар және тізеге дейін бауы бар етік алдағы күз және қыс мерзімінде сәнді әрі ерекше көрінеді.

Минималистік дизайн

Минималистік дизайндағы жинақы аяқ киімдер сәннен шықпайды: базалық түстер мен ешқандай декордың болмауы. Мұндай етіктерді кез келген киіммен үйлестіруге болады.