- Негізгі бет
- Сән
- Күзгі сән: Виктория...
Күзгі сән: Виктория Бекхэмнің 3 киім үлгісі
Виктория Бекхэм – әлемге әйгілі дизайнер, әнші, сүйікті жар және төрт баланың анасы. Оның стилі заманына сай бірнеше рет өзгеріп отырды. Қазір ол өте сәнді, талғамы жоғары, кербез ару. Өзі дизайнер болғандықтан, Викторияның талғамы өте жоғары, алайда ол жылдар бойы қалыптасқан. Заманауи сән әлемін олсыз елестету мүмкін емес. Стиліңізді қалыптастыру кезінде талғамы жоғары адамдардан сабақ алуға болады. Ендеше, суық ауа райына киюге болатын Виктория Бекхэмнің бірнеше киім үлгісін ұсынамыз.
Сарғыш пальто + клеш шалбар
Егер бойыңыз қысқа болса, оны клеш шалбар арқылы визуалды түрде ұзартып көрсетуге болады. Бастысы, оны биік өкшелі аяқ киіммен кию керек және шалбар ұзындығы аяқ киімді толық жауып тұру қажет. Сарғыш – базалық түс, сондықтан мұндай пальтоны барлық киіммен үйлестіруге болады. Көпшілік қыздар бойы қысқа қыздарға ұзын пальто жараспайды деп ойлайды. Алайда, керісінше, ұзын бойлыға қарағанда бойы қысқа қыздарға ұзын пальто жақсырақ жарасады. Оны Виктория Бекхэм да дәлелдеп отыр.
Торлы кюлот шалбар + ақ жемпір
Тор – сәннен шықпайтын принт. Оның үстіне қазір кюлот шалбар сәнге айналуда. Торлы киім артық әшекейді қажет етпейді. Сондықтан оны біртүсті жемпірмен немесе жейдемен үйлестірген жөн. Виктория Бекхэм ақ жемпір таңдаған. Әрине, ауа райына байланысты туфли емес, оның орнына өкшесі бар етік таңдауға болады.
Қара пальто+ақ кеды
Пальтоны тек классикалық киімдермен емес, спорттық киімдермен де киюге болады. Қазір пальтоларды капюшоны бар худилермен үйлестіру – сәнді үйлесімнің бірі. Виктория Бекхэм бойы қысқа қыздарға ұзын пальтоның жарасатынын тағы бір рет дәлелдеп тұр. Оған қоса, оның өкшесіз аяқ киіммен де жарасатынын көруге болады.
А. Жапатова