Кеда ешқашан сәннен шыққан емес. Күз мезгілі кеда киетін бірден-бір ыңғайлы уақыт екені анық. Осы кеданы күздің қоңыр салқын күнінде қалай киюге болады? Бірге сараптайық.
Джинс шалбармен
TopShop джинс шалбары, Marc by Marc Jacobs свитшот, Etoile Isabel Marant шәлісі, GAP сөмкесі
Кедамен үйлестіріп киетін киімдердің ең танымалы – скинни джинс шалбарлары. Мұндай шалбарлармен бірге түрлі принтті свитшот жараса кетеді.
Ұзын белдемшемен
Tory Burch белдемшесі, топ – Uniqlo, Marni алқасы, Miu Miu сөмкесі
Тағы бір көзге үйреншікті емес образдың бірі – кеданы ұзын белдемшемен үйлестіріп кию. Бұл қыздарды тік мінезділігін, батылдығын айқындай түседі.
Қысқа белдемшемен
Yasya Minochkina белдемшесі, Theory жейдесі, Wolford колготкісі, Monki сөмкесі
Ал өзін жайдары етіп, аяғының ұзындығын айқындағысы келетін аруларға стилистер кеданы қысқа белдемшемен киюді ұсынады. Ал сыртыңызға былғарыдан тігілген күрте кисеңіз болады.
Шортымен
Proenza Schouler шортысы, H&M жакеті, Stella McCartney рюкзагі, Falke колготкісі
Үстіңізге шортымен бірге кең тұратын блейзерді таңдап, аяғыңызға кеда кисеңіз – кеңсе сәнінің өзгеше үлгісі пайда болмақ.
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: elle.ru