Назарларыңызға осы мезгілдің ең сәнді трендтерін ұсынамыз:
1. Күдері күрте мен жағасы бар жемпір
Күдері күрте мен жағасы бар жемпірдің қалыңдығы бір-біріне сәйкес келуі тиіс. Жеңіл күрте мен қалың жемпір киіп алған жарамас.
Күдері күрте мен тоқылған жейдені және зығыр мен мақта матадан тігілген шалбарды Tom Ford ұсынады
2. Трансформер
Үштік костюм – құбылмалы ауа райына арналған нағыз трансформер. Жұқа жүннен тігілген түрін таңдаңыз.
Иірілген жүннен тігілген үштік костюм - Pal Zileri LAB, мақта мата жейде - Ermenegildo Zegna, жібек галстук және мақта мата плащ – Brioni, шұлық – Falke, былғары лофер - Jimmy Choo
3. Ландыштар
Жаңа Dior Homme топтамасындағыдай жарқын акссесуары мен ерекше тігісі бар ландыштар суреттегідей жолақ костюмнің тартымды көрінуін қамтамасыз етеді.
Жүн матадан тігілген костюм, мақта жейде, жібек галстук - Dior Homme, мақтадан тігілген тренч – Asos, шұлық – Falke, былғары бәтіңке - Gucci
4. Түбіт көкірекше
Түбіт көкірекше күртеге қарағанда жеңіл, әрі аз орын алады, суықтан жақсы қорғайды. Жұқа түрін костюмнің сыртынан және ішінен киюге болады.
Жүн матадан тігілген пиджак - Tommy Hilfiger, полиэстер көкірекше - Marciano Guess, жібек галстук – Brioni, жүннен тігілген шалбар - Pal Zileri, былғары сөмке – Longchamp
5. Көгілдір костюм
Көгілдір түсті костюмді кеңсеге киіп баруға болады. Кешкі бастаңғылар мен той-думанда да жаман көрінбейді.
Жүн матадан тігілген костюм – Gucci, трикотаж полувер - Castello D’oro, жібек орамал – Boss, жібек мойын орағыш - Dior Homme, күдері монки – Santoni
6. Спорт және сән
Сырып тігілген пиджакты спорттық шалбармен үйлестіруге болады.
Сырып тігілген пиджак – Asos, жеңі ұзын мақта футболка - Rick Owens; жүннен тоқылған мойын орағыш - Gant; спорттық шалбар - Dolce & Gabbana
7. Былғары жейде
Дизайнерлердің былғарыдан киім тіккені көпшіліктің көңілінен шығуда. Мұнымен қатар, бұл материалдан тігілген киім жейденің рөлін атқарады.
Былғарыдан тігілген жейде – Gucci, мақта матадан тігілген футболка - Intimissimi, былғары шалбар - H&M
8. Кардиган
Егер джинс шалбар мен кардиган жараспайды, тым ескі сән деген ойда болсаңыз, денимді былғары шалбарға алмастырыңыз.
Альпак жүнінен тігілген кардиган - Pal Zileri, кеудеше - Dolce & Gabbana, былғары шалбар – versace, былғары монки - Hugo
9. Функционалды заттар
Оларға бірнеше қалтасы бар жилет, арқаға асатын рюкзак және мақта матадан тігілген чинос кіреді.
Жұқа жүннен тігілген жилет – Gant, жүннен тоқылған жемпір – Gucci, кашемир және мақтадан тігілген шалбар - Hugo Boss, күдері бәтіңке – Timberland, рюкзак - Longchamp
Сізге қай дресс-код ұнады?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: gq.ru