Күз жазғы әдемі әрі жеңіл көйлектерден бас тартуға себеп емес. Сәнқойлардан жазғы көйлектің сыртынан тоқылған жемпір киетінін жиі байқауға болады. Әсіресе, көктем мен жазда сәнде болған жібек немесе атлас көйлектер мен тоқылған жемпірлер – ең трендті тандемнің бірі.
Егер жазда жібек көйлек алып үлгермесеңіз, оны қазір жеңілдікпен алған артық етпейді. Көпқабаттылық стилін ұнатсаңыз, жібек көйлектің сыртынан жемпір, ал оның сыртынан пиджак немесе тренч киюіңізге болады. Сол кезде тоңбайсыз әрі стильді көрінесіз және жібек мата киім үлгісіне нәзіктік сыйлайды.
Ерекше аксессуар ретінде айрықша колготкалар қолдануға болады. Қазір түрлі өрнектері бар колготкалар өте көп. Егер қысқа қонышты етік кисеңіз, оның ішінен суреті бар шұлығыңыз көрініп тұратындай етіп қоюға да болады. Ол бұрынғыдай "біртүрлі" емес, керісінше, сәнді деп саналады.
Жібек көйлек пен тоқылған жемпір үйлесіміне ботильондар, табаны жуан бәтеңкелер, казаки етіктері және қонышы ұзын әрі жиырылып тұратын слауч етіктері жақсы келеді.