Күзгі сән: Violeta by Mango ұсынған киімдер

Violeta by Mango желісінің иеcі Виолета Андик әйелге тән образдың қандай болатындығын және оны қандай компоненттермен толықтыру керектігін жақсы біледі. Өзінің кезекті топтамасында кербездік пен әмбебаптылықтың үйлесімін табуға тырысқан.



Аталған топтамадан осы маусымда өзімізге қажетті барлық трендтерді табуымызға болады. Скинни джинс шалбары мен былғары күртеше, oversize жемпірі, пальто, стразы бар көйлектер, сәтен матадан тігілген белдемше және классикалық шалбар.


Киімдерді тігу барысында қара, сұр, ақ, ақшыл сары түстер көп қолданылған. Мұнымен қатар, әйел адамға ғана тән дене пішінін айқындап, барынша жайлылықты қамтамасыз етуге тырысқан.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: cosmo.ru