- Негізгі бет
- Сән
- Күзгі сән: «Uniqlo»...
Күзгі сән: «Uniqlo» топтамасы
2014 жылдың басында «Uniqlo» жаңа топтама жасауға көмектесу үшін әйгілі дизайнер Инес де ля Фрессанжды шақырған болатын. Инесстің алғашқы топтамасы - қызықты детальдар қосылған, париждік табиғаты бар туындылар.
Топтамада негізгі екпін күнделікті тұрмыста киетін киімдерге түскен. Негізінен киімдер екі сән бағытында тігілген. Petite Parisienne дегеніміз – күнделікті жұмысқа киюге арналған киімдер. Ал Note Parisienne - бұл қара түсті киімдердің топтамасы. Оны тойға, мейрамханаға киіп баруға болады. Аталған топтамадағы киімдер қыркүйек айының аяғында сатылымға шығады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: passion.ru
Қ. Бүйенбай