Оқушылар мен студенттер үшін қызығы мен шыжығы мол демалыс та өз мәресіне жетті. Күнделікті ата-анамызға үй шаруасында көмектесіп, достармен жиналатын, туған-туысқандарымыздың үйіне қыдырып баратын күндер артта қалды. Алайда алдымыздағы кезекті маусымның да сыйы жоқ емес. Оқушылар бірыңғай мектеп формысын алуға асықса, студенттер киім таңдауда бір-біріне ұқсамауды жөн көреді. Кезекті материалымызда студент және оқушы қыздардың көңілінен шығатын Kira Plastinina брендінің ең таңдаулы киімдерін ұсынамыз.
Қазақстандағы ең үлкен Апорт моллынан қалағанымызды таба аламыз десек, қате болмас. Және ең бастысы – бағасы қол жетімді.
Көйлек атаулысы қыз баласына әрдайым жарасатындықтан, алғашқы образ ретінде көйлекті таңдадық. Ақ түсті көйлекті жамылғымен және мойынға тағатын аксессуармен толықтырдық. Аксессуармен аяқ киім түсін үйлестіруді де ұмытпадық. Киімді пішінімізге сай таңдау бір бөлек те, өкшелі аяқ киіммен әдемі жүріп, жамылғыны дұрыс жамылу да бір бөлек. Сырттай күлкілі болып көрінбес үшін айна алдында жаттыққан абзал.
Көйлек бағасы - 14 379 теңге
Ботильон бағасы - 13 359 теңге
Жамылғы бағасы - 2049 теңге
Алқа бағасы - 4 109 теңге
Келесі образдың ерекшелігі кеудеше мен классикалық шалбардың бірігіп тігілуінде. Бірігіп тігілгендігі бір қарағанда білінбейді. Ал түрлі-түсті сөмкені бірнеше стильмен үйлестіруге болады. Мұнымен қатар, дизайнер Кираның бірегей талғамына қошемет білдіремін. Себебі, ұлдарға тән шалбар сынды киімдерді қыз баласына жарасатындай нәзік етіп тігеді.
Комбинезон бағасы - 15 409 теңге
Ботильон бағасы - 9 239 теңге
Сөмке бағасы - 13 359 теңге
Үшінші образдағы плащ студент бойжеткендермен қатар оқушыларға да жарасады. Оны тек шалбармен емес, көйлекпен де киюге болады. Талғамға талас жоқ демекші, суреттегі киімдерді өзіңіз қалағандай үйлестіріп киюіңізге болады.
Плащ бағасы - 21 579 теңге
Шалбар бағасы - 8 729 теңге
Кеудеше бағасы - 6 159 теңге
Көзілдірік бағасы - 459 теңге
Ботильон бағасы - 11 209 теңге
Сөмке бағасы - 13 359 теңге
Төртінші образ өзінің жинақылығымен ерекшеленеді. Бұдан өзге классикалық шалбар аяқтың арық немесе толық екендігін де білдірмейді. Ал сарғылт түсті кеудеше күздегі ағаш түстерін еске түсіреді. Кішкене сары сөмке кеудешенің суретіне сай таңдалған. Бұл киімдерді күнделікті сабаққа да, кеңседегі жұмысқа да киіп баруға болады.
Кеудеше бағасы - 8 219 теңге
Шалбар бағасы - 10 269 теңге
Клатч бағасы - 6 159 теңге
Бесінші образдағы көйлек пен жакетті мерекелік жиын тойға, бастаңғыға киіп баруға болады. Ал тоқ сары туфли – кез келген бойжеткеннің гардеробынан табылуы тиіс аксессуар. Мұнымен қатар, жакеттің қалта тұсы үшкір болғандықтан, үшкір басты аяқ киім таңдауды жөн көрдік.
Жакет бағасы - 12 869 теңге
Көйлек бағасы - 12 329 теңге
Клатч бағасы - 4 109 теңге
Туфли бағасы - 2 699 теңге
Соңғы образда таңдауымыз көйлекке түсті. Гүл суретімен безендірілген көйлекті белдікпен және белдіксіз тағуға болады. Белдіктің түсі аяқ киімге сай таңдалса, сөмке мен гүл түсі өзара үйлесімділік тапқан.
Көйлек бағасы - 12 329 теңге
Туфли бағасы - 7 189 теңге
Сөмке бағасы - 7 699 теңге
Жоғарыдағы образдарды таңдауға көмектескен Kira Plastinina бутигінің ұжымына және модельдер Данара Шутанова мен Аида Желдібаеваға ерекше алғыс білдіреміз!
Арнайы Massaget.kz үшін: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ©Жолдас Өрісбаев