Биыл спорттық және миллитари стиліндегі парка күртешелер сәнде болады. Олар өзге күртешелерден артық әшекейінің жоқтығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Паркалар алғаш рет 60 жылдары шыққан. Кез келген ауа райында өзімізді жайлы сезінуге көмектеседі. Капюшоны бет терісін суық желден, аяздан қорғайды. Қалтасының көптігі соншалық сөмкесіз жүруге болады. Мұнымен қатар, бауының көмегімен беліміздің пішінін айқындай аламыз.
Жыл сайын Burberry i Girbaud сынды әйгілі бренд топтамаларында көрініс табады. Жыл маусымдарына сай төрт түрге бөлінеді. Талғамға талас жоқ демекші, бойжеткендер спорттық, классикалық үлгідегілерін көп таңдайды.
Парка күртешелерді түрлі киіммен үйлестіре аламыз. Мысалы, классикалық үлгідегісі шалбармен, ұзындығы орташа белдемшемен жақсы жарасады.
Бойжеткендер өзгелердің көзайымына айналуды жақсы көретіндіктен, парка күртешелерді немен киюге болатындығы туралы көп ойланады. Өте қарапайым, қосымша әшекейсіз болғандықтан, кез келген стилдегі киіммен қорықпастан кие аламыз.
Әдетте парка күртешелері кэжуал және милитари стиліндегі киімдермен үйлеседі. Денеге жабысып тұратын шалбармен де киген ыңғайлы. Осы күзде оны сатып алар болсаңыз, бәтеңке мен жемпір алуды да ұмытпаңыз.