Күзгі сән-2015. Миди белдемшелері

Миди белдемшелерін барлық мемлекеттің қыздары киеді десек те болады. Ұзындығы орташа, денеге жабыспай кең тұратын бұл белдемшелер нәзіктігімізді айқындай түседі. Оны кеңсеге де, қонаққа да киіп баруға болады. Ең бастысы, барлық қызға жарасып, аяқтағы артық майды жасырады.

Миди белдемшелері күз маусымының басты трендіне айналатындықтан, бірнеше образ ұсынуды жөн көрдік. Ең бірінші, оның тарихына тоқталайық. 1940 жылдары миди белдемшелері ерекше сұранысқа ие болып, нәзіктіктің символына айналған болатын. Әйгілі дизайнерлер оған әшекей тағып түрлендірген.

1960 жылы британиялық модельер Мэри Куант әлемге мини белдемшелерді таныстырады. Осылайша миди белдемшелері сәннен шығады. Мини белдемшелерді дизайнерлер ұнатпай, ысыруға тырысса да, жұмыстары нәтижесіз болады. Бұл белдемшелер арада көп уақыт өткен соң ғана сән әлеміне оралады. 2010 жылы аталған белдемшелерді Alexis Mabille, Banana Republic, Mаrc Jаcobs, Margaret Howell, Louis Vuitton, Givenchy, Oscar de la Renta, Dоlce&Gabbanа сынды сән үйлері өз топтамаларына қосады. Өте ұзын белдемшелерді киіп жүру ыңғайыссыз болса да, денедегі артық салмақты жасыруға көмектеседі.

1. Француз қыздары сүйіп киетін жолақ сызықтары бар кеудеше мен миди белдемшесін үйлестіруге болады. Теңіз стиліндегі кеудеше образды толықтырса, ерекше аксессуарлары оны кез келген жерге киіп баруға мүмкіндік береді.

2. Миди белдемшесін жұмысқа киіп бару үшін оның кеңсе стиліндегі жейдемен үйлестірген жөн. Іскер әйелдерге арналған бұл образ нәзіктігімізді де айқындай түседі.

3. Кешкілік кездесуге, театрға, мұражайға бару үшін гүл принті бар миди белдемшесін таңдауға болады. Аксессуарларға да мұқият болыңыз. Олардың біртүсті әрі аз болғаны жөн.

4. Жасыл түсті миди белдемшесі күннің аптап ыстығында ерекше көрінуге көмектеседі. Белдемшенің бұл түрі бойды ұзартып, сырт көзге арық етіп көрсетеді. Ал жарқын түсі көпшіліктің көзайымына айналдырады. Бастысы кеудеше біртүсті болуы керек.

5. «Нәзік» түсті бұл киімдерді романтикалық кездесуге, достармен бірге баратын отырыстарға киіп баруға болады. Аксессуарлар да барынша нәзік болғаны жөн. Тіпті алтын бұйымдармен шектелуге болады.

6. Келесі must-have кез келген қыздың талғамына сай келеді. Мұнымен қатар, бұл белдемшенің екі жағын да киюге болады. Ерекше образ жасағыңыз келсе, белдемшені boxy стиліндегі кеудешемен толықтырыңыз.

7. Миди белдемшесін қысқа жакетпен де үйлестіріп, кеңсеге арналған таптырмас образ ойлап таба аламыз. Boxy стиліндегі жакет нәзіктік сыйлайды.

8. Суреттегі киімдердің барлығы «Monton» топтамасына тиесілі. Матасына келсек те, пішініне келсек те, қалағанымызды таңдай аламыз. Бір шетінен 60 жж стиліне ұқсайтындықтан, оны аналарымыз бен әпкелеріміз де сүйіп киетіні анық.

Сізге қай образ көбірек ұнады?