Күзгі макияж

Күзгі макияж

Косметикаңызды маусымға сай жаңартудын кезі келді. Жазда сәнде болған пастель, неон, жидек түстері қазір актуалды болмас. Күзде қандай түсті макияж таңдау керек? Бұл сұраққа жауапты бірге іздейік.

Көк + сұр

 

Классикалық smoky eyes-тың түсін өзгертіп, түрлендірсе болады. Макияжыңыз сәл жұмсақ болуы үшін, үйреншікті қара қабақ бояуының орнына қара-көк түсті қолданып көріңіз. Ал сүр түс көкті бәсеңдетеді. Бұндай макияжбен қанық емес түсті далап қолданған дұрыс.

Күлгін + қоңыр


Күлгін түс осы маусымның басты тренді. Кешкі макияж үшін қанық күлгін мен қоңыр түстерді қосып көріңіз. Ал күндізгі макияжға жазда сәнде болған неон түстерінің арасында ашық күлгін түсін таңдап көріңіз.

Жасыл + алтын түсі

Нағыз күздік макияж деп осыны айт! Табиғи түстер, мүк пен күзгі жапырақ түстерін қолдансаңыз, күздік көңіл- күйді сізді көрген әр жанға жеткізе аласыз. Қанық бояулармен ерінге сарғыш қоңыр далап жаққан жөн.

Құм + коралл түстері

Коралл түстес далап расында жаңартып, ерекше қылып көрсетудің бірден-бір жолы. Көзге құм түстес, сарғыш қоңыр, жылтыр қабақ бояуын жаққан дұрыс.

Қызыл + қара

Бұл маусымда сәндегі кезекті түстер: қызыл және қара қызыл. Осы түстерді көз макияжыңызда қолдансаңыз, кірпіктерді қара тушьпен жақсылап бояп қойыңыз. Әрине бұндай батыл макияж тек кешкі отырыстарға сай болмақ.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: blogspot.com, tsob.pro

С. А