- Негізгі бет
- Сән
- Күздің ең сәнді...
Күздің ең сәнді түстері
Pantone түстер институтының командасы күз-қыс 2019-2020 мерзіміндегі сәнді түстерд тізімін жариялады. Pantone ұсынған сәнді түстерді күзде және қыста өтетін барлық сән топтамаларынан көреміз. Себебі Pantone сәнді түстер палитрасы – әлем бойынша түстер тенденциясының ең танымал басшылығы. Ендеше, түстер институты ұсынған 10 басты палитраны ұсынамыз.
Чили бұрышы (Chili Pepper)
Күз-қыс 2019-2020 маусымында ащы қызыл бұрыш түсі сәнде болады. Қызыл түс үнемі басты түстердің қатарында келеді. Ол адамға сенімділік сыйлайды. Қызыл – таусылмас энергия түсі.
Қызыл велосипед (Biking Red)
Ұстамды әрі қою реңді ұнататын қыздарға арналған Biking Red деп аталатын жаңа түс пайда болды. Бұл қою қызыл түс кез келген базалық түспен жақсы үйлесім табады.
Шабдалы кремі (Crème de Pêche)
Crème de Pêche – үлпілдек француз десертін еске түсіретін жұмсақ әрі нәзік шабдалы реңінің атауы. Бұл жұмсақ түсті мұқият кию керек: оны аққұба әйелдер таңдамаған жөн. Бұл түс өзіне қарама қарсы реңдермен (мысалы, қою қызыл) үйлесімді көрінеді.
Тас жол (Rocky Road)
Жер, шаңды тастар және құзды таулардың түсі. Қою әрі қанық қою қоңыр рең Rocky Road деген атау алды. Шоколад түсіне ұқсас болғандықтан ол кез келген түспен оңай үйлеседі.
Ала көгершін (Fruit Dove)
Fruit Dove шырынды түсі келе жатқан күз-қыс мерзіміне ерекшелік сыйлайды. Мұндай түсті пальто немесе жасанды тон алуға болады.
Қоңыр чеддер (Dark Cheddar)
Күз-қыс мерзіміне тағы бір дәмді түс енді. Бұл чеддер деп аталатын ағылшын ірімшігінің түсі.
Көкшіл тас (Bluestone)
Күз-қыс 2019-2020 мерзімінің сәнді палитрасындағы сұр-көкшіл рең байсалдылықты білдіреді.
Эдем (Eden)
Дизайнерлер жұмбақ жаһанды және сұлу табиғатты құрметтей отырып, Eden, яғни, "Жұмақ" аталатын қою жасыл түсіне екпін қойды. Сиқырлы жасыл рең өзінің тереңділігімен қызықтырады және күзгі палитра түстерімен жақсы үйлеседі.
Кешкі аспан (Evening Blue)
Әдемі қою көк түс кеңсе киімдеріне немесе мерекелік көйлектерге жақсы келеді.
Орман кептері (Paloma)
Қарапайым ашық сұр рең – күзгі гардеробқа арналған ең жақсы базалық түс. Paloma сәнді реңкі ақ, қара, сүтті, ашық қоңыр, қою сұр, нәзік алқызыл түстермен жақсырақ үйлеседі.