Күздің ең сәнді түсі – бордо

Күздің ең сәнді түсі – бордо

«Шарап палитрасындағы» киімдер сәнге қайта оралды. Әлемдік сән көрсетілімдерінде басым назарға ие болған бұл түс әрбір аруға биязылық, кербездік, ақсүйектерге тән мінез сыйлайды.

Versace, Carven, Dolce&Gabbana, Etro, Stella McCartney, Donna Karan, Nina Ricci сияқты басқа да атақты сән үйлерінің дизайнерлері жаңа маусымда қою қызыл түске баса назар аударған. Бұл күзде бордо, мальбек, божоле нуво, бургундтық шарап сияқты қанық түсті киімдерді кисеңіз, нағыз сәнқой атанасыз.

Сырт киім

 

Күнделікті бейне

Жаңа маусымда сәнге қайта айналған қою қызыл түсті пончо дәстүрге айналып кеткен қара, қоңыр түстерден шаршаған аруларға таптырмас киім.  Классиканы жаны сүйетіндер үшін Tommy Hilfiger, Donna Karan және Lacoste сәнгерлері ұсынған сәнді тренчтерді киюге болады. Қара, сұр, қара көк сияқты киімдерге тағатын бір түсті аксессуарларды шарап түсті киімдермен де бірге тағуға болады.

Пальтоның ішінен Nina Ricci мен Stella McCartney ұсынған водолазкаларды, кроп-топ немесе қарапайым трикотаж тунакаларды киюге болады. Қою қызыл түсті водолазкалар мен блейзерлер де кеңсе қызметкерлері үшін де басты киімдердің бірі болмақ. 

Маусымның басты түсі шалбарлар мен белдемшелерде де сәнді көрінеді. Скинни джинс шалбарлары жоғарда аталған водолазка мен кроп-топпен әдемі жарасады. Ал тығыз жүн матадан тігілген белдемше аяғыңыздың ұзындығын айқындап, шифон жейдемен үйлеседі. 

Биылғы күзде бордо түсті сөмкелердің актуалдылығы рекорд жаңартты. Қою қызыл түсті мини-клатчтардан бастап, күн сайынғы ұстайтын үлкен сөмкелерден де байқауға болады. 
Ағымдағы күздің басты түсі туралы сөз қозғағанда, аққұба қыздарға да, қара торы қыздарға да бірдей жарасатын қою қызыл түсті далапты да еске салған жөн.
Elie Saab күз-қыс 2014-15 топтамасы
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: fashionisers.com, elle.ru
Y. Smaghul