Күздің басты 10 тренді

Күздің басты 10 тренді
Фото: ru.pinterest.com

Брендтер ұсынған топтамалар алуан түрлі болды. Бірі спорттық эстетикадағы ыңғайлы киімдерден ажырағысы келмеді, ал бірі өткен кезеңдерді еске алумен болды. Ал тағы бірі гардеробқа нәзік киімдерді қайтадан оралтқысы келді. Нью-Йорк, Лондон, Милан және Парижде өткен сән көрсетілімдеріндегі күз-қыс 2022/23 топтамаларынан басты 10 трендті ұсынамыз.

Michael Kors Collection

Ішік

Алдағы күз-қыс мерзімінде табиғи да, экологиялық та ішік танымал болады. Соның ішінде, әсерлі пальтолар мен тондар кең тарайды. Дизайнерлер түрлі түсті ішектен тігілген көзге бірден түсетін ашық түрлерін де, табиғиға жақын ұстамды түрлерін де ұсынды. Қыста тек тондар емес, сондай-ақ ішік аксессуарлар да киюге болады. Мысалы: панамалар, сөмкелер және аяқ киім.

Bottega Veneta

Былғары total-look

Бұрын да күздің келуімен былғары киімдерді шығаратынбыз. Ал жаңа мерзімде дизайнерлер бастан-аяқ былғары киімдер киюді ұсынды.

Michael Kors Collection

Фуксия

Фуксия түсін өз топтамаларында Michael Kors, Richard Quinn және Versace секілді брендтер қолданды. Күзде киім үлгісіне фуксия түсті бір киім қосу жеткілікті немесе қалауыңызға қарай, онымен бастан-аяқ киінуге болады.

Bottega Veneta

Шашақ

Вестерн эстетикасы мен сүйікті fashion-әдіске дизайнерлер әр мерзім сайын оралады. Трендте қайтадан ұзық шашақ болады. Онымен панчо, пальто және кейптер безендірілуі мүмкін.

Dion Lee

Белі төмен тұратын шалбар

Жазда 2000-жылдардың сәнді киімдерінің бірі — белі төмен тұратын шалбарлар трендке қайтадан оралған болатын. Бұл киім күз-қыс мерзімінде де өз өзектілігін жоғалтпайды.

Prada

Бомбер

Дизайнерлер әнші Рианнаның сүйікті киімі — бомберді өз топтамаларында жиі қолданды. Әрине, әр бренд бомберді өз стиліне сай безендірді. Мысалы, Prada оны гүлдермен безендірсе, Khaite оның қара былғары түрлерін ұсынды.

Khaite

Былғары күртке

Күнделікті киюге бомберлерге былғары күрткелер бәсеке бола алады. Былғары күрткелердің қара түсті классикалық түрлері де, түрлі түсті және ақ түрлері де сәнде болады.

Givenchy

Кең шалбар

Сән үйлерінің креативті директорлары скинни шалбары жайлы ештеңе естігісі келмейді. Алдағы күз-қыс мерзімінде стильді көріну үшін барынша кең джинс шалбарлар киіңіз.

Valentino

Макси пальто

Күзде және қыста жылы және ұзын пальтолар сәнде болады. Сыртқы киімнің макси ұзындықтағы түрлеріне мән беріңіз.

Dior

Корсет

Футболка, жейде және топтарды корсеттерге ауыстыруға болады. Dior, Versace және Balmain брендтеріне қарап, корсеттердің алдағы күзде және қыста сәнде болуы мүмкін екенін айтамыз.

А. Жапатова