Қыша түсті сырт киімдер – күздің басты символы. Сарғайған жапырақтармен үндесіп жүргіңіз келсе, құба-құп. Табиғи түспен үйлескісі келетін аруларға мынадай кеңестер ұсынамыз.
Сырт киім
Егер классикалық үлгідегі қыша түсті пальто мен шоколад не кофе түстес етік, сөмке киген дұрыс.
Қысқалау пальтоларды күлгін түсті қолғап киіп, бөкебай таққан дұрыс.
Ал қысқа пальтоларды балағы тар қара шалбармен, биік өкшелі ботильонмен киген жөн.
Шалбар
Классикалық үлгідегі қыша түсті шалбар көбіне ақ жейдемен, қара водолазкамен немесе банты бар нәзік блузкамен әдемі жарасады. Кішкене өкшесі бар қара не қою қоңыр туфли мен сөмкенің сән бере түсері анық.
Күнделікті киюге арналған қыша түсті шалбармен сұр жемпір, қою көк свитшот, қоңыр бомберка-күрте жарасады.
Треггинс үлгісіндегі қыша түсті шалбар, қара күрте, кішкене клатч сөмке, ботильон да үйлеседі.
Белдемше
Белдемшені сымбатыңызға қарай таңдаған дұрыс: егер бойыңыз биік болса, қыша түсті белден келетін етегі тар ұзын белдемшені қара топпен, ақшыл тренчпен және ақшыл қоңыр түсті балеткамен кигеніңіз жөн.
Қыша түсті тізеге дейін келетін карандаш белдемше барлық нәзік жандыға жарасады. Оны күлгін, қара не қою көк топпен, ақ жейдемен, қызғылт-сары түсті кардиганмен үйлеседі.
Ұзындығы тізеден асатын не тізеге дейінгі етегі кең белдемшелер шоколад түсті ұзын етіктермен, коньяк түстес, қою жасыл түсті пуловермен жарасады.
Көйлек
Қыша түсті көйлек – күз маусымының басты элементі секілді. Футляр көйлектерді шоколад, қара түсті белдікпен, балеткамен киген дұрыс. Ал сафари стиіліндегі көйлектерді зәйтүн түсті балеткамен, сөмкемен киген жарасады. Ал сарафандарды қоңыр, ақшыл, алтын түсті босоножкамен үйлестіруге болады.