Бірер күннен соң, күз мезгілі де келеді. Демек, жылы жемпірлер мен сәнді плащтардың маусымы басталады деген сөз. Соңғы екі жылда сәнде "беделі" артқан кардигандар бұл жылы да трендтен қалмайын деп отыр. Биылғы маусымда кардиганды немен киюге болады? Бүгінгі жазбамызда осы сұраққа жауап іздейтін боламыз.
Кардиган күн суытқан кезде сөмкеден шығарып кие салатын киімдердің бірі ғана емес. Оны сәнмен үйлестіріп киюге болады. Мысалы, гранж стиліндегі аруларға өте қалың тоқыма жіппен тоқылған кардиганды көйлекпен және көлемді аяқ киіммен киюді ұсынамыз.
Ал нәзіктікті қалайтындар үшін жіңішке тоқымамен тоқылған кардиган үлгісін киген жарасады.
Кардиганды әдемі белдемшемен жарастырып киетіндер нәзіктікті қалайтындардың қатарына жатады. Оның үстіне қазір белдемшелерді кроссовкамен кию сәнге айналды. Келе жатқан маусым үшін кардиган мен кроссовка үйлесім табары сөзсіз.
Классикалық шалбар кардиган таңдамайды. Тек түсіне мән берсеңіз болғаны. Аяқ киімге келер болсақ, күнделіктіге классикалық стильдегі шалбарды кроссовкамен де, балетка, туфлимен де киюге болады. Ал егер жиналысқа баратын болсаңыз, кроссовкамен киюге болмайды.