Күз-қыс 2017-2018 топтамасындағы сәнді бояу түстерінде ерекшелік жоқ. Бастапқы 10 сәнді түске әдеттегі күзгі базалық реңктер кірді. Олар қарапайым болғанымен, қымбат әрі әдемі көрінеді.
Гренадин (Grenadine)
Ашық және көзтартарлық гренадин – қызыл бояуының есте қалатын реңкінің бірі. Күз және қыс мезгілінде осындай түсті бір киімді немесе косметиканы гардеробыңызға енгізсеңіз болады. Бұл түс барлық зейінді өзіне тартады. Нью-Йорк сән апталығында гренадинді негізгі түс деп атады. Ол Oscar de la Renta кешкі көйлектері мен жейделерінде, Jason Wu пальтосында, Derek Lam қатаң шалбарлы костюмінде және Max Mara жасанды теріден жасалған тондарында көрінді.
Алтын портвейн (Tawny Port)
Гренадин түсі сүйсінушілікке, сенімділікке баланады, ал Tawny Port реңкі кербездікті, жоғары талғамды көрсетеді. Бұл қою қызыл түс монохромды киім үлгісіне жақсы келеді. Алайда оны кез келген түспен үйлестіруге болады. Jason Wu, Victoria Beckham, Prabal Gurung және Michael Kors көрсеткендей бұл түстен романтикалық кездесуден іскерлік кездесуге дейін барлық киім үлгісін жасауға болады.
Бозарған алқызыл (Ballet Slipper)
Сән ашық, көз тартатын алқызыл түске үйреніп қалса да, күз-қыс мезгілінде Ballet Slipper түсі сәнге шықты. Қызғылт, ақ және сарғылт түстердің қосындысы керемет бозарған алқызыл түс береді, оны базалық киімге қолдануға болады. Қалауыңызға қарай бұл түсті ретро реңк ретінде пайдаланыңыз. Ол үшін оны сәнді күміс түсті жалтыр реңктермен үйлестіру керек.
Сарғылт (Butterum)
Қолайлы нюд реңктері сәннен ешқашан кетпейді. Бұл нағыз күздің түсі. Marc Jacobs, Tory Burch, Jonathan Simkhai және Max Mara жинағынан көрсетілгендей сарғылт түсті жеңіл көйлектер мен белдемшелер өте сәнді көрінеді. Мұндай түсті көлемді трикотажға да қолданса, сәнді көрінеді.
Теңіз көк (Navy Peony)
Күз-қыс 2017-2018 топтамасында Navy Peony түсі максималды түрде дәстүрлі болуы керек. Бұл қою көк түс барлық түспен үйлеседі.
Бейтарап сұр түс (Neutral Gray)
Neutral Gray – тұрақтылыққа, тыныштыққа және аздаған қатаңдыққа баланатын бейтарап түстің бірі. Бұл сәнді түсті бастан тобыққа дейін (Thom Browne модельдері секілді) оранып алуға немесе екпін ретінде (Victoria Beckham, Gabriela Hearst) пайдалануға болады. Мұндай түсті киімдер іскерлік немесе күнделікті киім үлгісіне жақсы келеді.
Көлеңкеленген шырша (Shaded Spruce)
2017 жылдың ең негізгі ашық шуақты жылыжай түсі Greenery болды. Алайда ол күзге келмегендіктен, арнайы суыққа Shaded Spruce тыныштық түсін ұсынды. Оған мұхит тереңдігі, мәңгі жасыл ағаштар және орман көлеңкесі де кіреді.
Алтын лайм (Golden Lime)
Шуақты сары мен қанық жасыл – көктемнің негізгі түстері. «Алтын лайм» атты олардың қосындысы көктемнен күзге көшті. Бұл түс барлық қою гаммамен жақсы үйлеседі.
Айлақ (Marina)
Marina атты теңіз жағасы айлағының түсі күздің сәнді түстерінің бірі. Ашық әрі көңілді, нәзік бұл түс базалық гардеробыңызда ерекшеленетіні сөзсіз. Бұл түсті ақ, сұр, сарғылт және қызыл түстермен үйлестіруге болады.
Күзгі үйеңкі (Autumn Maple)
Бұл түс аздап тыныштық пен мерекені бірдей көрсетеді. Мұндай түсті киіммен кез келген жерге баруға болады.
Сізге қай түс ұнады?