2017-2018 күз-қыс топтамасындағы сәнді шалбарлар өте жылы, нәзік және қолайлы болады. Дизайнерлер заманауи бойжеткеннің гардеробында кем дегенде үш шалбар (кеңсе немесе кешкі киім үлгісін жасауға арналған классикалық шалбар, бейресми жағдайға арналған қолайлы шалбар және стандартты емес өте ашық түсті немесе қызық пішінді шалбар) болуы керектігін көрсетті. Ендеше суық мезгілде қандай шалбарлар сәнде болатындығына тоқталайық.
Классикалық шалбар
Заманауи бойжеткен гардеробының негізі болып классикалық үлгідегі шалбар болып қала береді. Егер базалық гардеробты сауатты құрсаңыз, классикалық шалбармен бірнеше қатаң әрі әдемі киім үлгілерін жасауға болады.
Кең шалбар
Oversize тақырыбы дизайнерлердің басты идеясына айналды, олар жоғарғы киімдерден төменгіге көшті. Қыры сынған классикалық шалбарлар, кең, қысқа немесе балағы еденге сүйретілген шалбарлар және тоқыма мата, қалың мақта, жібек материалдарынан жасалған түрлі пішіндегі шалбарлар трендте болмақ. Суық мезгілде кең шалбар алсаңыз, оның астынан киген жылы колготки де көрінбейтін болады.
Клеш шалбар
Ретро стильдегі клеш шалбарлар 2017-2018 күз-қыс топтамасының басты тақырыбына айналды. Клеш саннан емес тізеден басталуы керек. Клеш шалбар заманауи сәнде белі жоғары болуы тиіс. Клеш шалбарды қатаң жакетпен және жейдемен үйлестіруге болады.
Қысқа шалбар
Мәңгі тенденцияның бірі – ашық тобық сәні. 7/8 ұзындығы барлық дерлік шалбарлар үлгілерінде (спорттықтан бастап ретроға дейін) кездеседі. Қысқа шалбарлар пиджакпен, жібек жейдемен жақсы үйлесім табады. Сондықтан мұндай шалбарды ойланбай кеңсеге, сабаққа киюге болады. Ал тобығы ашық қалың шалбарды бомбермен немесе кең жемпірмен киіңіз.
Кюлот шалбар
Мұндай белдемше-шалбарлар көктемгі сәннің бөлігі болып танылса да, оның қалың матадан жасалған түрлері күз-қыс мезгілінде сәнде болады. Мұндай үлгі бойды аздап «төмендетеді» және фигура пропорциясын бұрмалайды. Алайда егер оны дұрыс үйлестіріп уйренсеңіз, сөреңізден басты орынды алуы әбден мүмкін. Кюлот шалбар денеге жабысып тұратын киіммен және өкшесі биік етіктермен жақсы үйлесім табады.
Тарылған шалбар
Street-style стиліндегі скинни шалбарлар сән подиумдарынан өз орнын тапты. Бұл жіңішке шалбарды кроссовкамен емес, классикалық аяқ киімдермен үйлестірген жөн. Қыста қысқа қонышты етікпен немесе ауыр етіктермен киюге болады. Жұмысқа немесе сабаққа шалбар түстес қонышы ұзын етік алуға болады. Фигураңыздың пропорциясын теңестіру үшін жоғарғы жағына кең киім киіңіз.
Жалғасы бар...