Дизайнерлер жайлап «көше» сәніне мән беруде, сондықтан тренд түсінікті әрі ыңғайлы болып келеді. Олардың көпшілігін күнделіктіге киюге болады. Күз-қыс 2017-2018 топтамасында көрсетілген сәнді етіктерді талқылайық.
Материалдарды құрамдастыру
Мұндай етіктердің пішіні мен өкшесінің ұзындығы екінші орынға қалып, барлық зейін былғары, күдері, лак және теріден ерекше үйлесім жасауға негізделген.
Металл түс
Күмістей жарқырау тренді күз-қыс мезгіліне арналған етіктерден де орын тапты. Мұндай түс бәсеңдетілген болуы мүмкін, ол кезде етігіңіз ескірген жұқалтырдан (фольга) жасалған секілді көрінеді. Сонымен қатар дизайнерлер ерітілген алтын сияқты ашық түсті де қолданған. Сән көрсетілімдерінен арнайы кештерге арналған кристаллмен, жылтырақпен және пайеткамен безендірілген жарқыраған күміс түсті етіктер көрсетілді. Мұндай етіктермен қарапайым көйлек кисеңіз де киім үлгіңіз ұтымды көрінеді.
Қызыл түстің барлық реңктері
Егер топ ішінен ерекшеленгіңіз келсе, Bottega Veneta, Fendi, Hermès сән үйлерінің дизайнерлері жиі күлімдеуді және керемет қызыл етік киіп жүруді ұсынады. Үшкір басты, тік өкшелі, ұзын қонышты және айқын қызыл түсті етіктер трендте болады.
Ақ етік
Қыс мезгілінде ақ түсті етіктер сәнде болады. Мұндай етіктер күнделікті күтімді қажет еткенмен, бірден есте қалатыны сөзсіз. Christopher Kane, Dolce & Gabbana, Dries Van Noten және Jil Sander ұсынған сәнді ақ етіктер көрермендер мен сән сыншыларының көңілінен шықты. Fashion East, Gucci және Giambattista Valli бұл тенденцияны дамыту мақсатында етіктерді түрлі өрнектермен және баулармен безендірді.
Жыртқыш принт
Табиғи реңктермен қатар жасыл, қызыл, көк, алқызыл жыртқыш принттер де сәнге айналды. Roberto Cavalli, Jeremy Scott, Maison Margiela сән үйлері былтырғы трендтегі жасыл реңкті ала құлан немесе көк жылан принттерін белсенді түрде қолданған.
Гүлді өрнек
Гүлді өрнек – мәңгі тренд, ол күз-қыс 2017-2018 топтамасында жапырақ, сабақ және гүлмен өрнектелген. Мұндай етіктер өте нәзік көрінеді.
Барқыт
Кюлот шалбары мен қысқа қоныш барқыт етігін үйлестіру екінші күз-қыс мезгіліне созылды. Биыл барқыт етіктің қонышына ғана емес, оның өкшесі мен табанына да қолданылады.
Жалғасы бар...