Күз-қыс 2017-2018: джинс шалбары #2

Күз-қыс 2017-2018: джинс шалбары #2
Фото: Pinterest

Соңғы кездері джинс материалын вельвет, барқыт, былғары және трикотаж аздап ығыстырды. Күз-қыс 2017-2018 топтамасында джинс шалбарын кей дизайнерлер ғана өз көрсетіліміне қосты. Алайда ол джинс шалбарының уақыты өтті деген сөз емес. Сән көрсетілімдерінен орын алған джинс шалбарының түрлерін ұсынамыз.

Басы

Жыртық джинс шалбары

Жыртық джинс шалбары сәннен кетер емес. Дизайнерлер жыртық джинс шалбарды бұрынғыдай тек кроссовкамен емес, өкшесі бар аяқ киіммен үйлестіруді ұсынады.

Балақтың шеті жыртылған джинс шалбары

Мұндай шалбарды да кроссовка немесе бәтеңкемен емес, өкшесі бар аяқ киіммен және сәнді клатчпен үйлестіргеніңіз жөн.

Кестеленген джинс шалбары

Күз-қыс 2017-2018 топтамасында кесте сәнге қайта оралды. Сәнде кез келген принттер, олар дәстүрлі геометриялық және гүлді  өрнектерден бастап, мультипликациялық кейіпкер секілді күтпеген суреттерге дейін болуы мүмкін. Мұндай шалбарды біртүсті жейдемен немесе жемпірмен киген дұрыс.

Ерекше фактура

Денимнің қарапайым классикалық көк түсінен басқа сәнде ерекше фактурада болады. Дизайнерлер дәстүрлі денимге аздап ылғал жылтыр қосқан.

Тotal look

Осы уақытқа дейін денимді дениммен үйлестірмейтін. Күз-қыс 2017-2018 топтамасында Adam Selman, Calvin Klein, Nicole Miller, Christian Dior және Stella McCartney джинс total look киім үлгілерін ұсынды.

Джинс шалбарының сәнді түстері

Түске келетін болсақ, классикалық көк түсті джинс батыл терндтерді де басып озды. Сән көрсетілімдерінде қара-сұр, күлгін, кірпіш түсті және индиго (қара-көк) джинс шалбарлары да кездесті.

А. Жапатова