- Негізгі бет
- Сән
- Күз-қыс 2013-2014: сәнді...
Күз-қыс 2013-2014: сәнді түстер
Рantone түстер институты әр маусым үшін сәнді түстер палитрасын ұсынып отырады. Олар әлемдік атаққа ие сән үйлерінің, дизайнерлердің топтамаларын зерттеу арқылы келесі маусымның сәнді түстерін анықтайды. Күз-қыс 2013-2014 маусымы үшін олар мынандай түстерді сәнді деп атады.
Зүбаржат (изумруд) түсі Бұл түс Рantone түстер Институтымен Жыл түсі деп жарияланып, осы жылдың әр маусымында сәнді түстер қатарына қосылып отыр. Түс макияж, киім, тіпті интерьерде де сәнді саналады. |
"Миконос" көк түсі Грек аралы Миконос атымен аталған түс теңіздің қанық көк түсін білдіреді. Ол суық маусымда теңіз, демалыс, жағажай жайлы ой салады. |
Жөке ағашының жасыл түсі Жөке ағашына тән ашық сарғылт-жасыл түс күздік гардеробтағы ашық түстердің бастысына айналады. Түс табиғатты, жылулықты білдіреді. Тасқынды сұр Қанық, күңгірт сұр түсі қара түске жақсы балама бола алады. Дәл осындай түс табу үшін жай ғана сұр емес, қара-сұр түсті киім іздеңіз. |
Күлгін асаи Асаи – Шығыс Америкада өсетін қара-күлгін жидек түрі. Қанық, күңгірт, тіпті қаралау келген күлгін түсті жылы жемпірлер суық кездері өте актуалды болмақ.
|
Қызыл самба Қызыл самба деп аталатын қанық жарқын қызыл түсі күзде өзіңізді батыл талғам иесі танытудың жолы. Осындай түсті киіммен қарапайым, барынша аз аксессуарлар үйлесетіндігін ұмытпаңыз. |
Қызғылт-сары кои Кои – Жапонияда белгілі балық түрі. Бұл балықтың белглі бір түрінің түсі қанық қызғылт-сары болып келеді. Түс осы балықтың құрметіне аталған. Алтын, сары, қызғылт түстері бір түсте араласқан кои түсі күздік және қыстық бейнедегі жарқын элемент бола алады. |
Жасыл мүк Мүк түстес сұр-жасыл түсі үйреншікті күңгірт түстерінің (қара, қоңыр, сұр) жаңа нұсқасы. Бір қарағанда сұр болып көрінетін түс өзінің тереңдігіне байланысты түрлі бейнелерде жараса алады. |
Жарқын фуксия Күз-қыс 2013-2014 түстер топтамасындағы ең жарқын, ең көңілді түс алқызғыл фуксия түсі. Түсті ұсақ-түйек аксессуарларда қолдану бейнеңізге көңілдік пен жарқындық береді. |
Кофе түсі Ашық кофе түсі қоңыр түстерінің бір реңкі болып табылады. Бұл түсте күңгірттікке қарағанда жарық көбірек, сондықтан ашық, бай кофе түсі қарапайым да, салтанатты да бейнелер жасауға қолдануға болады. |
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: pantone.com
С. А