- Негізгі бет
- Сән
- Күз-қыс 2012: Бас...
Күз-қыс 2012: Бас киімдер топтамасы
Бас киім киетіндей суық кездер де келіп жетті. Бас киім жел мен аяздан ғана сақтап қоймай, гардеробыңыздағы сәнді аксессуар бола алады. Қазіргі маусымның ең сәнді деген бас киім трендтерімен таныс болыңыздар.
Тон бас киім
Тоннан тігілген киім қашан да бай және салтанатты көрінеді. Тон бас киімі кез келген жастағы аруға жарасатын сәнді және әмбебап аксессуар болмақ. Тон бас киімі тері, вельвет, деним және басқа материалдармен жараса береді.
Ковбойлық стиль
Вестерн стиліндегі ковбойлық бас киімдер - сөзсіз осы маусымның басты тренді. Күнделікті киюге бұндай қалпақ жарамаса да, кешкі отырыстарда осындай ерекше аксессуармен бәрін таң қалдырыңыз.
Клош
Қоңырау пішінді кішкентай қалпақ - 20 жылдардың сәні. Клош қалпағы бетіңізді нәзік, сәнді етіп көрсетеді.
Федора
Бастапқыда еркектерге арналып тігілген бас киім қазірде әйел гардеробының құрамына кірді. Федора қалпағы кез келген киімге әмбебап аксессуар бола алады. Романтикалық көйлекпен, классикалық шалбар мен жейдемен кисеңіз де болады.
Тоқылған бас киімдер
Қыстық бас киімдердің басым бөлігі тоқылған болады. Классикалық қыстық үлгідегі тоқылған бас киім еш уақыт сәннен шыққан емес. Осы маусымда көзге түсетін суреттері бар және бір түсті түрлеріне көңіл бөліңіздер.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: fashionisers.com
С. А