- Негізгі бет
- Сән
- Күз 2013: сәнді...
Күз 2013: сәнді күртелер
Күртеше күзгі гардеробтың ажырамас бөлігі. Осы маусымда танымал сән үйлерінің дизайнерлері күртеше түрлерін тіккенде оларды ыңғайлы, сәнді, әрі бірінен-бірі ерекшелетіп жасауға тырысты. Жаңа маусымда қалың, көпқабатты күртешелермен қатар нәзік түрлері де сәнде болады.
Актуалды материалдар
Күз-2013-тың күртешелері түрлі маталардан тігілген: жылтыр былғары, күдері мен велюр, драп, твид, латекс және көптеген басқа мата түрлері кездеседі. Сән үйлерінің топтамаларында бірнеше матаны үйлестіру де бар. Мысалы мата, былғары, замша күртешелерінде тон жеңдер не жағалар кездесіп жатады. Күртешені шашақпен, суретпен, металл түймелерімен сәндеу де бар.
Актуалды түстер
Күзде көптеген сәнді дизайнерлер қара, ақ және қызыл түстерін таңдаған. Батыл қыздарға сән үйлері жасыл, шоколад, шие түсті, алтын түстерін тадауға кеңес береді. Жоғары сән апталықтарында бір түсті күртешелермен қатар, өзінде бірнеше түсті үйлестірген түрлері де ұсынылды. Кереғар түстердің үйлесімі сәнде. Принттер арасында тор, камуфляж, өсімдіктер және абстрактты суреттер танымал болады.
Тон курткалар
Тонды тек қыста киюге болады деп ойлайсыздар ма? Осы күзде тоннан тігілген түрлі күртешелер өте сәнді болады. Жағасы не жеңі ғана тоннан тігілген күртешеде сіз нағыз сәнқой атанасыз. Бұндай күртешелер біздің ауа-райы үшін күздің соңына келеді.
Қысқа күртешелер
Қысқа былғары күртеше немесе пиджак-күртеше нағыз трендке айналады. Дизайнерлер оның ұзындығы мен жеңін де қысқартып, бұндай күрткешені тар шалбар мен ұзын белдемшелермен киюге кеңес береді. Сәнді түстердің арасында: қызыл қоңыр, қара, ақ, көк, жасыл және сарғылт қоңыр бар. Ал батыл қыздар металмен сәнделген рок стиліндегі күртеше кие алады.
Бомбер күртешесі
Бомбер лдеп аталатын толықтау келетін күртешелер қайта сәнде. Көйлектермен жақсы көрінетін бомберлердің жарқын түсті түрлерін таңдаңыз.
Сырма күртелері
Ұзын және қысқа сырма күртелері күздің суы күндері трендке айналмақ. Ұзын күртешенің көмегімен дененің кемшіліктерін жасыруаға болады. Сондай-ақ олар өте жылы және жайлы болады. Бұндай күртешелердің геометриялық суреті бар түрлері өте сәнді болады. Ал қысқа, тіпті пиджак сияқты сырма күртеше кешкі отырыстарға сай келеді.
Жылы парка күртешесі
Парка аталатын етегі ұзын, жылы күртешелер суық күзде күнделікті киюге мінсіз келеді. Хаки, қоңыр түсті паркаларға енді ақшыл түсті түрлері қосылды. Сәнді дизайнерлер топтамаларында паркаларды тон жағалар мен қалталармен әшекейледі. Бұндай күртеше кез келген етікпен жараса алады.
Үлкен иықтар
Міне күздің ең басты трендіне де жеттік. Үлкен иықты пальто күздегі ең сәнді жаңалық болады. "Үрленген" сияқты иықты күртешелер тар джинсы шалбарларымен, түзу белдемшемен жақсы жарасады. Бұндай ерекше пішінді күртеше сізді ең сәнді қылады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: storiesbyarcotel.com, fashiontime.ru
С. А