Күздің алғашқы суық кездерінде қалың күртелер кие алмайсың, бірақ жемпірмен жүріп тоңатын кез жетті. Бұндай ауыспалы ауа райы орын алған уақытта өзіңізге сәнді жеңіл күртеше алып қойыңыз. Әрине ол әдемі, соңғы сәнге сай болуы керек.
Бомбер – осымен біз бірнеше рет атаған күртеше түрі. Ол осы маусымда ең сәнді тренд екендігін есепке алсақ, әлі де айтылуы әбден мүмкін. Жазда түрлі-түсті түрлері танымалдыққа ие болса, қазір қара-көк, сұр, жасыл сынды күңгірт түсті күртешелер тренд болады.
Былғары күртеше – күз, көктем өтпелі кезеңдерінде әмбебап сыртқы киім. Сәнқой қыздар мұндай күртешені баяғыда трендке айналдырып алған. Оны нәзік көйлекпен, джинсы шалбарымен, ресми стильдегі шалбармен де киюге болады. Нағыз былғарыдан тігілген күртеше суық күндері жылытып, ауа райы ысыған кездері терлетпейді.
Қалың блейзер не пиджак сынды күртеше ресми стиль таңдайтын қыздар үшін таптырмас шешім. Қоңыр түстер күз көріністерімен жақсы жарасым табады.
Әскери стильдегі күртеше күнделікті бейнелермен жақсы жарасады. "Милитари" күртешенің хаки түсі күзде өте өзекті болады.
Сырма күртелері бір уақытта жеңіл, жылы, жайлы болады. Күзде күнделікті киюге ең жақсы нұсқа.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua