Күздік аяқ-киімді таңдап жүрсіз бе? Ендеше сәнді трендтермен танысып, арасынан ұнағанын таңдаңыз. 6 жаңа тенденция - аяқ-киім жаңартуға 6 себеп.
Биік емес өкшедегі шолақ етік
Үлкен тұрақты өкшесінің арқасында бұндай етікпен күні бойы жүрсеңіз де, шаршамайсыз. Сондай-ақ мұндай етікті көйлекпен де, тар джинсымен де, қарапайым шалбармен де киюге болады.
Слиперлер
Ең ыңғайлы аяқ-киім атауына сай слиперлер балетка мен лофер аяқ-киімдерінің ең жақсы жақтарын өзіне алған. Өкшеден шаршасаңыз, слипер - сіздің таңдауыңыз.
Оксфордтар
Аяқ-киімнің бұл түрі осымен бірнеше маусым бойы сәннен шықпай қойды. Алайда бұл маусымда таңдауыңызды түрлендіріп, түсті табанды аяқ-киім алып көріңіз.
"Мэри Джейн" туфлиі
Дөңгелек ұшты, өкшелі, белбеуі бар туфли моделі осылайша аталады. Осы маусымда бұл аяқ-киімнің түрлі модельдері сәнде.
Жылтыр
Жылтыр сүйгіш арулардың уақыты келді! Бұл күздің кезекті тренді - жылтыр. Түрлі жылтырататын пайеткалармен сәнденген туфлилердің түр-түрі сіздің күзгі бейнеңізді жайната алады.
Рок-н-ролл
Көңіліне рок-н-ролл стилі жақын аруларға қуануға болады. Түрлі металл тікенектермен әшекейленген аяқ-киімдер өте сәнді саналады. Бастысы киімнің де осы стильде болғаны дұрыс.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: collegefashion.net, seaofshoes.typepad.com, glazurno.ru