- Негізгі бет
- Сән
- Күз 2012: сәнді...
Күз 2012: сәнді күртешелер
Суық күндер келді ме? Қапаланбаңыз, бұл гардеробты жаңа киіммен жаңартуға жақсы сылтау!
Күз-2012 маусымының трендтері көптеген стильдердің қосындысы болып келеді. Былғары, тон, ішік, күртешелердің басқа түрлерінің барлығы да сәнде болмақ.
Әрине танымалдығы бойынша бірінші былғары күртешелер тұрады. Қара былғары күртешелер сәнді дизайнерлердің күзгі топтамалардың барлығында кездеседі.
Қара былғары күртешелерден шаршағандар, түстілерін таңдаса болады.
Жарқын түстер әлі де сәнде.
Күн суытқанда мынандай күз-қыс өтпелі кезеңге арналған күртеше алыңыз.
Көлемді, үлкен күртешелер де күздің жаңа тренді.
Жұқа тон, ішіктер де күзде ерекше танымалдыққа ие болады деп болжайды дизайнерлер.
Әмбебап күртеше - пуховик, жастар арасында ерекше танымал.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: edinstvennaya.ua
С. А