Күз-2012: қалпақтар

Күзгі сәнді киім коллекциясы десе, ойымызға пальто мен жылы етіктер келеді. Ал күзде басты да жылуда сақтау - суық тигізіп алмаудың бірден-бір жолы. Күзгі сәнді қалпақтар топтамасымен танысып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз.

Жігіттерше

 

Әу баста жігіттер гардеробының бұйымы болған қалпақтар қазірде аруларға да жарасады. Тек осындай "жігіттер" стиліндегі қалпақты қалған киімге үйлестіріп киген жөн. Галстук, шалбар және осындай қалпақ ресми стиль жасаса, тар белдемшемен кигенде, нәзік әрі сәнді болып көрінесіз.

Бретон қалпағы

Бұл - жиегі сәл жоғары көтерілген қалпақ түрі. Атауы Франциядағы Бретани жерінен шыққан. Ол жақта осындай қалпақтар өте танымал. Бір қарағанда дөрекі көрінетін қалпақты нәзік етіп көрсететін киімдермен үйлестіруге болады. Үстінде суреті, оюы, банты бар қалпақтар сәнқой қыздардың назарынан тыс қалмас.

Әскери стиль

Милитари немесе әскери стиль соңғы кезде ерекше актуалды бола бастады. Түгелімен әскери форма кимей-ақ, осындай қалпақты ғана гардеробыңызға қоссаңыз болады. Оны ұзын ботфорт етіктерімен, классикалық пальтомен киюге болады. 

Басқа да бас киімдермен мына жерде таныса аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: woman.ru