Converse компаниясының UV Chuck 70 аталатын топтамасының өнімдері Күн әсерінен түсін өзгертеді. Яғни, ультракүлгін сәулелерге байланысты хамелеондай құбылады. Жаңа үлгідегі аяқ киімдер Chinatown Market-пен бірлесе шығарылған.
Мұндай ерекшелігі бар екі аяқ киімнің бірі – Chuck 70 Hi, екіншісі – Chuck 70 Ox. Алғашында классикалық кедалар сияқты ақ түсті болса, сыртқа шыққанда түрлі-түсті блоктар пайда болады. Күлгін, алқызыл, көк түстерге боялады.